Тиімді жұмыс үшін бір кеңістік
08.10.2020
Дегенмен, оның қорытындылары шығарылып, еліміздегі ең жақсы аймақтық іске асыру жобасы ретінде «Maker (Мэйкер)» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауытында «1C: ERP Кәсіпорынды басқару» танылып, «1С: Жыл жобасы» номинациясын иеленді. Тексерулер
көрсеткендей, енгізілген ERP жүйесі басқару есептерді қабылдауды 22% -ке,
тапсырыстарды өңдеуді 11% -ке жеделдетуге, өндіріс шығындарын 7% -ке төмендетуге
және еңбек өнімділігін 9% -ке арттыруға мүмкіндік берді. Мұны
жүйені енгізумен айналысқан компанияның жобалық тобының, «ExSolCom»
компаниясынан мердігерлік ұйымның және жұмысты жаңа форматта әрі толық көлемде қабылдаған
және игерген зауыт қызметкерлерінің ортақ жеңісі деп атауға болады. Нәтижесінде
өзара достық қарым-қатынасты ұстана отырып жұмыс жасау жоғарыда аталған
көрсеткіштерге жетуге көмектесті, бұл ірі кәсіпорын жұмысының тиімділігі
артқанын растайды. Шамамен екі жарым жыл бұрын
басталған ERP-ді енгізу процесі шамамен 13000 адам-сағатты қажет етті. Осы
уақыт аралығында кадрлар қызметінде, бухгалтерияда, тауарлық-материалдық
құндылықтар қозғалысы және оларды бөлумен айналысатын бөлімшелерде үш жүз
автоматтандырылған жұмыс орны құрылды. Шын мәнінде, ERP бір уақытта үш
түрлі ақпараттық жүйені алмастырды, бұл қызметтердің бір кеңістікте өте тиімді
жұмыс жасауына мүмкіндік берді. Сауатты әрі орталықтандырылған жоспарлаудың
арқасында өндіріс ТМҚ сапалырақ және уақтылы жеткізілімдеріне, кәсіпорын
басшылығы жедел әрі дұрыс есептілікке, ал бухгалтерия бірыңғай және
орталықтандырылған циклге қол жеткізді. Сайып келгенде, ҚҚМЗ-да ERP
жүйесін енгізу нәтижесін кәсіпорын басшылығы ғана емес, сонымен бірге 140-тан
астам жобаны қарастырып, басты номинацияны дәл осы жұмысқа берген конкурстық
комиссия да жоғары бағалады. Ия, бизнестің жаңа талаптары мен
заңнамалық өзгерістерге негізделген жүйені қолдау және жетілдіру бойынша әлі де
жұмыс көп, бірақ ҚҚМЗ ұжымы жаңа жеңістерге дайын!


