Жезқазғанда балаларды оңалту орталығы ашылды
01.06.2021
Бұл орталық ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін өте қажет болды. Корпорация ғимаратты жөндеуге, жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ медициналық персоналды оқыту мен біліктілігін арттыруға қажетті қаражат бөлді. Аталған орталықта ата-аналарының жұмыс орнына қарамастан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС орналасқан өңірлерде тұратын, бала кезінен мүгедек (18 жасқа дейінгі) балалар, сондай-ақ ата-аналары Қазақмыс кәсіпорындарында жұмыс істейтін 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер оңалтудан өтеді. Оңалту шығындарын «Қазақмыс» корпорациясы өз мойнына алады. Орталықтың ашылу салтанатына қала әкімдігінің өкілдері, Жезқазған аймағы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ранова, Корпорация басшылығы және БАҚ қатысты. Медициналық орталықтың директоры Владимир Моторыкин таяу және алыс шетелдерден әкелінген заманауи жабдықтардың, соның ішінде МОТОmed оңалту тренажері (Германия), вертикализатор тренажері, «Кенгуру» мобильді құрылғысы, қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған нейро-ортопедиялық оңалту пневмокостюмі, түзету кабинеттері, жаңа буынның компьютерлік томографы және басқа да жабдықтардың жұмысын көрсетті, сондай-ақ орталықтың білікті кадрлармен жасақталғаны туралы хабардар етті. «Қазақмыс» корпорациясының арқасында осы өңірлердің ерекше қажеттіліктері бар балаларға қажетті оңалту курстары қолжетімді болды.



