Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қарағанды қаласында «Қазақмыстың» қолдау көрсетуімен «күн шуақты балаларды» сауықтыру орталығы ашылды

2020 жылы осындай баланың анасы Ания Муратова Қарағанды облысындағы 115 баланың атааналарын біріктіріп, «Күн шуақты балалар» қоғамдық қорын ұйымдастырды. Алайда қорда өзінің үй-жайы болмады, сөйтіп аналар Корпорациядан қол ұшын беруді сұрады. - «Қазақмыс» басшылығы біздің өтінішімізді назардан тыс қалдырмай, баға жетпес көмек көрсетті, - деп баяндады Ания Муратова Орталықтың ашылуында. – Бізге үй-жай ұсынып, оған жөндеу жүргізіп, оны толығымен жиһаз және жабдықтармен жабдықтады. Сондай-ақ кейін де бізге көмек көрсетіп, қолдайтын болады: салықтар, коммуналдық төлемдер және Орталықты күтіп-ұстауға жұмсалатын басқа да шығыстарды «Қазақмыс» өз мойнына алады. Біз қабырға түсін, сауықтыруға арналған жиһаз бен жабдықтарды өзіміз таңдадық, барлығын өз тәжірибемізге қарай және сауықтыру мен түзеу өткізілетін жерлерден таңдап алдық. Орталықта логопед және дефектолог кабинеті, ЕДШ залы, массаж кабинеті, ойын және музыка бөлмелері болады. Мұнда мастер-класс, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өткізіледі. Қазір мамандар іріктелуде. Одан басқа, «Қазақмыс» Корпорацияның қаражаты есебінен ашылған Жезқазған медицина орталығының балаларды сауықтыру бөлімшесінде қор балалары үшін ақысыз емделу курстары өткізіледі. Онда он қарағандылық бала емдеуден өтті. - Біз туралы қорымыздың құрамына кірмеген басқа да ата-аналар құлақ қағыс болып, бізге қосылады деп сенеміз. Осындай балалардың аналарымен тілдескенде біз психологиялық тұрғыдан жеңілдейміз. Біздің балаларымыздың қоғамның толыққанды және тәуелсіз мүшелері болуына көмек көрсеткені үшін демеушіміз – «Қазақмыс» компаниясына алғысымыз шексіз. «Қазақмыстың» қолдауымен балаларымыздың болашағы жарқын болады! – деп қорытындылады Ания Муратова. Орталық туралы барлық сұрақтармен келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +7-701-454-21-63 (Ания) +7-702-169-90-32 (Айжан) +7-700-213-56-34 (Татьяна) Орталықтың мекенжайы: Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 13