Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Ұрпақтан ұрпаққа

Әулет Аманбай Тогжановтан басталды, ол кенішке 1928 жылы ашылған кезде ғана жұмысқа келді. Ол соққылы-айналмалы бұрғылау білдегінде жұмыс істеген алғашқы машинистердің бірі болды. 1935-1936 жылдары институтты бітіргеннен кейін келген Қонаевпен бірге жұмыс істеген. Содан кейін Улкенбай Ногайбаев кенішке 1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін жарушы болып келді. Ондирис Тогжанов (20.04.1936-19.02.2018) – тыл және еңбек ардагері – 1950-2000 жылдары экскаватор машинисінің көмекшісі болып еңбек етті. Адал еңбегі үшін ол мақтау қағаздарымен, төсбелгілермен марапатталған. Жеті бала тәрбиелеген. Мырзабала Ногайбаева (08.09.1939-04.12.2017) 1970 жылдан 1997 жылға дейін кеніште бойлер қондырғыларының машинисі болып жұмыс істеді. Ол 7 бала, 16 немере және 8 шөбере өсіріп, тәрбиеледі, «Алтын Алқа» белгісімен, III дәрежелі «Ана даңқы» орденімен және I дәрежелі «Ана» медалімен марапатталған. Қазір Тогжановтар әулетінен 8 адам жұмыс істеп жатыр. Тогжановтар әулетінің қағидасы – туыстарына арқа сүйеп, ешкімді жақтамау. Кейін басқа біреу туыстарының кесірінен қызармауы үшін әркім ережелер мен тәртіпті сақтауы керек. Әріптестерін туыстарына және туыс еместерге бөлмей, бәріне бірдей қарау. Куандык Ондрисович Тогжанов 1993 жылдан 1997 жылға дейін автобусың жүргізушісі болып жұмыс істеді, ал 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін пневматикалық шиналарда өздігінен жүретін және жартылай тіркемелі домалатқыштың машинисі болып жұмыс істейді. Ол Балқаш тау-кен металлургия техникумын бітіріп, кәсібилігі үшін мақтау қағаздарымен марапатталған. Бибинур Мухтаровна Тогжанова 2012 жылдан бастап «Қоңырат» кенішінің үйіндісінде түсіруші, ал қазір – ЭЖЖЦ оқшаулаушы болып жұмыс істейді. Булат Ондрисович Тогжанов 1988 жылдан 2019 жылға дейін «Вираж Сервис Караганда» ЖШС автокран жүргізушісі болды, ал қазір ТҚТЦ жүргізуші болып жұмыс істейді. Жұмыстағы кәсібилігі үшін 2015 жылы «Жылдың үздік жүргізушісі» мақтай қағазымен марапатталды. Алмагуль Ондрисовна Тогжанова 20 жылдан бері орталықтандырылған бухгалтерия өндірісінің шығындарын есепке алу бюросының бухгалтері болып табылады. «Қазақмыс» корпорациясындағы еңбек өтілін ол 2000 жылы Қоңырат кенішінде үйінділерде түсіруші болып бастаған. 2001 жылдың сәуір айынан бастап «Балқаштүстімет» ӨБ бас бухгалтериясына өндіріс шығындарын есепке алу бюросының бухгалтері болып ауыстырылды. 2015 жылдың шілде айынан бастап «БТМ» ӨБ өндіріс шығындарын есепке алу бюросының бастығы болып тағайындалды. 2020 жылдан бастап – өндіріс шығындарын есепке алу бюросының бухгалтері. Марат Ондрисович Тогжанов Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген соң 1993 жылы еңбек жолын «Қоңырат» кенішінен бастады. Қазіргі таңда «Қоңырат» кеніші директорының міндетін атқарушы қызметін атқарады. Еңбек қызметіне сіңірген еңбегі үшін III дәрежелі «Кенші даңқы» салалық белгісімен марапатталды. Ернур Булатович Тогжанов еңбек жолын «Қоңырат» кенішінде бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі болып бастады және қазіргі уақытта «Тау-кен технологиялары» ЖШС-де осы мамандық бойынша жұмысын жалғастыруда. Думан Елкенович Толеуханов Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіргеннен кейін 2013 жылы «Қоңырат» кенішіне инженер-геофизик болып жұмысқа орналасты. 2018-2019 жылдары – «Қоңырат» кенішінің учаскелік геологы. 2020 жылдан бері – ББФ конвейерінің машинисі. Меруерт Куандыковна Тогжанова 2017 жылы «Тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық техникалық колледжін бітірді. «Транко Балхаш» ЖШС локомотив диспетчері болып жұмыс істейді. Дереккөз: nur.kz

Смотрите также

Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
22.05.2026
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
Қазақмыста тоқтату жиналысының алғашқы циклы аяқталды
21.05.2026
Қазақмыста тоқтату жиналысының алғашқы циклы аяқталды