Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Басқарма төрағасына онлайн сұрақ қоюға болады

«Қазақмыс» Тобында кері байланыстың жаңа арнасы іске қосылды – бүгіннен бастап кез келген адам «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәліге тікелей жүгіне алады.

Бұл үшін жеке қабылдауға жазылудың немесе басшылықтың өңірге жұмыс сапарын күтудің қажеті жоқ. Өтініш жолдау мүмкіндігі компанияның жаңартылған корпоративтік сайтында қолжетімді.

Сұрақ қою үшін www.kazakhmys.kz сайтына кіріп, «Басшылық» бөлімін ашып, Басқарма төрағасы суретінің төменгі жағында орналасқан «Сұрақ қою» батырмасын басу қажет.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін өтініш тақырыптық санат бойынша жүйеленген. Мұнда жұмысқа орналасу, серіктестік мәселелері, сонымен қатар әлеуметтік және құқықтық тақырыптар қарастырылған.

Жаңа қызмет компания жұмысының ашықтығын арттыру, өтініштерді жедел қарау және халықпен, сондай-ақ еңбек ұжымымен ашық диалогты дамыту мақсатында құрылды.

Компания жұмыскерлері үшін дәл осындай мүмкіндік SEN корпоративтік қосымшасының «Менің өтінішім» бөлімінде қолжетімді.

Сонымен қатар Қазақмыста SENIM жедел желісі жұмыс істеп тұр. Ол арқылы құқықбұзушылық немесе күдік тудыратын әрекет туралы хабарлауға, сондай-ақ қажетті түсіндірме алуға болады. Әрбір өтініш жеке қаралады, қажет болған жағдайда тексеру жүргізіледі.

SENIM қызметіне +7-800-080-8089 тегін нөмірі арқылы, WhatsApp/Telegram: +7-708-436-20-58 арқылы немесе senim@kazakhmys.kz электронды поштасы арқылы хабарласуға болады. 

Қазақмыс өз жұмысын адамдарға және тікелей диалогқа басымдық бере отырып жүргізеді. Қолжетімді кері байланыс арналарын, оның ішінде басшылықпен өзара әрекеттесуді дамыту компанияның басым бағыттарының бірі болып табылады.