Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

12 мыңнан астам өнім түрі: Қазақмыстың машина жасау зауыты қалай жұмыс істейді

«Қазақмыс» Тобының құрамына кіретін Қарағанды құю-машина жасау зауыты өнеркәсіптік мақсатта тау-кен өндіру және байыту кәсіпорындарына арналған қосалқы және құрамдас бөлшектерден бастап күрделі жабдықтарға дейін 12 мыңнан астам өнім түрін өндіреді.

2026 жылы кәсіпорынның құрылғанына 85 жыл толады. Зауыттың тарихы 1941 жылдан басталады. Осы уақыт ішінде ҚҚМЗ кең ауқымды машина жасау жұмысын орындауға мүмкіндік беретін өндірістік және инженерлік-техникалық база қалыптастырды.

Бүгінде зауыттың аумағы 19 гектардан асады. Өндірістік алаңдарында 644 бірлік жабдық орналасқан. Олардың қатарында Еуропа мен Жапонияда шығарылған цифрлық бағдарламалық басқаруы бар заманауи қондырғылар, сондай-ақ автоматтандырылған дәнекерлеу кешендері бар.

Кәсіпорында 75 жұмысшы мамандығы бойынша 800-ге жуық адам еңбек етеді.

ҚҚМЗ-ның өндірістік инфрақұрылымына металл өңдеу цехтары, дәнекерлеу кешендері, зертханалар мен конструкторлық бюро кіреді. Бұл конструкторлық құжаттаманы әзірлеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын өнімдерінің номенклатурасына шахталық жабдықтар, диірмендер, шөміштер, сондай-ақ тау-кен өндіру, байыту және басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған қосалқы және құрамдас бөлшектер кіреді.

Зауыт өнімдері Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарында қолданылады, сондай-ақ шетелге экспортталады.

Инженерлік базасының, заманауи жабдықтардың және білікті мамандардың болуы ҚҚМЗ-ға өнеркәсіптік кәсіпорындарды қажетті өніммен қамтамасыз етіп, күрделі өндірістік тапсырыстарды орындауға мүмкіндік береді.

Қарағанды құю-машина жасау зауыты «Қазақмыс» Тобының өндірістік инфрақұрылымындағы маңызды буын болып қала береді. Кәсіпорын тау-кен металлургия кешенінің жабдықтар мен жиынтықтауыштарға деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.