Озаттардың озаты
19.11.2015
Корпорацияның жаңа өндіріс ошағының бірі-Нұрқазған мыс фабрикасында, фабрика жұмыссын бастағаннан бері бұндай жетістіктер, рекордтар болған емес. Барлық мәселе-ұжымның бірлігінде, алдына бір мақсат - қауіпсіз әрі нәтижелі жұмыс атқаруларында. 2015 жыл біз үшін атаулы жыл болды. Жылдық жоспар межесіне жетуге барлық күш жігерімізбен жұмыла отырып, мыстан қажетті мыс концентратын алуды жүзеге асырып, жоспарды орындадық. Компанияның байырғы нысандарына қарағанда, әлдеқайда жас біздің өндіріс үшін , бұл үлкен жетістік.Біз өзіміздің жұмыскерлеріміздің еңбекке деген ынтасының, кәсіби шеберліктерінің артқанын сездік, сонымен қатар алдымызға қойылған өндірістік міндеттерді уақытылы тұрақты түрде шешіп, орындаудамыз - Жоспардың орындалуына ұжымның жұмыла, беріле жұмыс атқаруынан басқа не әсер етті? - Сіз қауіпсіз жұмыс ұйымдастыру ө фабриканың алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі дедіңіз. 2015 жылдың аяғына бұл бағытта қандай қорытындылармен жеттіңіздер? - Әркімнің өзінің жеке басының қауіпсіздігін сақтауы, ұжымдық жауапкершілік және компания тарапынан да, жұмысшылар тарапынан да қауіпсіз еңбекті ұйымдастыра білуі – осның бәрі қауіпсіздік мәдениетін құрудың бір-бір бөлшегі. Биылғы жылы бізде қайғылы оқиғалы апаттар болған жоқ. Бұл, әрине жақсы нәтиже. Бізде әлі де атқаратын жұмыстар жеткілікті. Мен Нұрқазған байыту фабрикасының ұжымын еселі еңбектері , өз мамандықтарын шексіз сүйгендіктері және мол түсініктері үшін алғыс айтқым келеді. Алдағы жылы да қарағандылық байытушылар осы екпінмен жұмыс атқарып, межеден шығуға мүдделі, алдағы 2016 жылдың өндірістік рекорд жылы болуы да мүмкін.



