«Қазақмыс» Сәтбаев қаласына суармалы су беруді қайта бастау туралы шешім қабылдады
18.06.2023
Осы мәселені реттеу мақсатында «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС
мен «Сәтбаев жылумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС арасында берешекті өтеу кестесі
жасалды, алайда 18 маусымдағы жағдай бойынша борыш өтелмей, төлемдер кестесі
орындалмады. Сонымен қатар, Ұлытау өңіріндегі ауа райы жағдайларын
(қалыптан тыс жылу) ескере отырып, бүгін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
басшылығының шешімі бойынша Сәтбаев қаласына суармалы суды қосу қайта жанданды. Компания басшылығы қала әкімдігі мен «Сәтбаев жылумен
жабдықтау кәсіпорны» ЖШС қысқа мерзімде «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС алдындағы
берешекті өтеу бойынша жедел шаралар қабылдайтынына сенім білдіреді.



