Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Коммуникациядан қауіпсіздікке дейін: «Қазақмыс» бірыңғай басқару ортасын қалыптастыруда

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да коммуникациялар бойынша стратегиялық тренинг өтті. Іс-шара Бақылау кеңесінен бастап, кеніштер мен кәсіпорын директорларына дейінгі 40-қа жуық негізгі өндірістік басшыны біріктірді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқарудың барлық деңгейінде қамтамасыз етудің негізі ретінде корпоративтік мәдениетті күшейту оқытудың негізгі нәтижесіне айналды. Ортақ құндылықтар, ашық коммуникация және келісілген басқарушылық тәсілдер қауіпсіздікті басты басымдыққа айналдыратын орта қалыптастырады.

Тренинг бағдарламасы өндірістік тәуекелдердің алдын алудағы стратегиялық және дағдарысқа қарсы коммуникацияларға басымдық бере отырып, сол бағыттарды дамытуға негізделді. Қатысушылар нақты өндірістік жағдайды модельдейтін практикалық кейстерді пысықтады. Оның ішінде жедел әрекет ету сценарийі, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл және белгісіздік жағдайында шешім қабылдау мәселесі қамтылды.

Тренинг барысында ашық диалог мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Мұндай ортада қауіпсіздік мәселесі дер кезінде көтеріліп, қызметкерлердің кері байланысы басқарушылық шешімге негіз болады. Компанияда атап өткендей, мұндай тәсіл тәуекелдерді төмендетуге және өндірістік үдерістің тұрақтылығын арттыруға тікелей әсер етеді.

Тренинг аясында басшылар мемлекеттік органдармен, еңбек ұжымдарымен және жергілікті қауымдастықпен өзара тиімді қарым-қатынас орнату тетігін қарастырды. Бұл қауіпсіздік пен бизнестің жауапкершілігі бағытындағы жүйелі жұмысты жолға қоюға мүмкіндік береді.

«Корпоративтік мәдениет – жалпы ұғым емес, қауіпсіздікті басқарудың тиімді құралы. Басшылар арасында адам өмірінің құндылығы, жауапкершілік пен ашық коммуникация бойынша ортақ түсінік қалыптасқанда ғана өндірістегі тәртіпке әсер етіп, тәуекелді азайтады. Өткізіліп отырған тренинг аталған тәсілдерді біріздендіріп, корпорация деңгейінде қауіпсіздік мәдениетін күшейтуге ықпал етті», – деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі.

Оқыту қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесінде сенім, тәртіп және жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған бірыңғай коммуникациялық стандарттарды енгізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Тренинг басқарушылық құзыреттерді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігіне айналды, ал корпоративтік мәдениет қауіпсіз өндіріс пен тұрақты дамудың басты факторы ретінде айқындалды.