Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Наурыз мейрамын тойлау таңертеңнен басталды. Ауқымды бағдарлама қызықты әрі көңілді өтті. Жиналған жұртшылыққа тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады. Түрлі ойын-сауықтар, мерекелік конкурстарға ұласты.  Мереке Ұлы даланың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне қанық болды. Әрбір кәсіпорын «Қыз алып қашу», «Құдалық», «Тұсау кесу» сияқты салт-дәстүрлерді көрсетіп, арқан тартыс, асық ату, ләңгі сияқты спорт түрлерінен де жарыстар өткізілді. Арқан тартыстан ЖММБ жігіттері епті және мықты болып шықты. Осы спорт түрінен БТМ ӨБ басқару командасы екінші, ЭЖМБ үшінші орынға ие болды. Асық ату бойынша – бірінші орынды Айбар Әуелбек (ҚМБ), екінші орынды ЖМБ-дан Еркін Ақаев, үшінші орын ды Нұрлат Көмірбай (ЭЖМБ)еншіледі.  «Ләңгі» сайысында бірінші орынды Арнұр Рахымжанов (ЭЖМБ) иеленсе, екінші орынды Қанат Нұрмағамбетов (ЖММБ) еншілеп , үшінші орын Шлакоотвал цехынан Айдос Сүлейменовке бұйырды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар, ал спорттық шараға қатысқан барлық қатысушыларға “Қазақмыс” логотипі бар жұбаныш сыйлықтары табыс етілді. Бұл күні жиналғандар мен қонақтардың барлығына наурыз-көже, ыстық бауырсақ пен шелпектер ұсынылды. Ляззат Смағұлова