Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Халықаралық еңбекті қорғау күні

Құрметті әріптестер!

28 сәуірде дүниежүзі бойынша Халықаралық еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Бұл — кез келген компанияның ең басты құндылығы: адамның өмірі мен денсаулығы екенін еске салатын күн.
Еңбекті қорғау — бұл жай ғана талап емес. Бұл – барлығымызға ортақ жауапкершілік, күн сайын қабылданатын шешімдердің мәдениеті және әр адамның жеке таңдауы. Ешбір өндірістік нәтиже адамның қауіпсіздігінен жоғары тұра алмайды.
Әрбір жазатайым оқиғаның артында құрғақ сандар емес, адамның тағдыры, отбасының қайғысы және орны толмас қасірет тұрады. Сондықтан біздің мақсатымыз — жарақаттануға және қайғылы оқиғаға мүлде жол бермеу.
2026 жыл компанияда Өндірістік қауіпсіздік жылы деп жарияланды. Бұл қадағалау күшейді, тәуекелдермен жүйелі жұмыс істеледі және қауіпсіздік мәдениеті барлық деңгейде дамытылады дегенді білдіреді.
Ерекше атап өткім келеді: әрбір жұмыскер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгенін байқаса, жұмысты тоқтатуға құқылы әрі міндетті. Бұл әлсіздік емес — бұл кәсібилік және жауапкершілік.
Біз заманауи технологияларды енгізуді жалғастырамыз, оқытуды дамытып, қауіпсіздік мәселесі бойынша ашық диалогты одан әрі нығайтамыз.
Дегенмен ең бастысы — әр адамның жеке тәртібі.
Мен сіздерге үндеу жасаймын: жұмысқа кіріспес бұрын қауіп-қатерді бағалаңыздар, талапты қатаң сақтап, заңсыздыққа көз жұма қарамаңыздар және әрдайым қорғаныс құралдарын қолданыңыздар.
Өздеріңізге және әріптестеріңізге қамқор болыңыздар. Әрбір жұмыс күнінен соң үйлеріңізге аяқ-қолыңыз бүтін, аман-есен оралыңыздар.
Қауіпсіздік — біздің басымдығымыз және әрбір адамның жеке жауапкершілігі.


Құрметпен,
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
Басқарма төрағасы
Руслан Өскенәлі