«Наурыз мейрамы» мерекесіне орайластырылған «Қазақмыс» компаниялар тобының дәстүрлі спартакиадасының қорытындысы шығарылды
24.03.2023
Турнирде шағын
футболдан Жезқазған байыту фабрикасының
командасы жеңіске жетсе, екінші
орынды «Западный» кенішінің қызметкерлері иеленді, ал үшінші орынды Жезқазған мыс балқыту
зауытының футболшылары жеңіп алды. Үстел теннисінде «Қарағандытүстімет» ӨБ қызметкерлері үздік деп танылды. «Күмісті» Балқаш мыс балқыту зауытының
қызметкерлері жеңіп алса,
«Қола жүлде» «Жезқазғантүстімет» ӨБ Жөндеу-механикалық мамандандырылған
басқармасының енішінде кетті. Балқаш мыс балқыту зауытының қызметкерлері үздік
волейболшылар атанды.
Жезқазған байыту фабрикасының қызметкерлері 2 орынды, ал «Балқаштүстімет» бойынша спортшылар 3 орынды иеленді. Олжас Жанбосынов 75 келі салмақ дәрежесінде қазақша
күрес чемпионы атанды. Екінші және үшінші орындарды Жақсылық Төрехожин мен Әділ Арғын жеңіп алды. 90 келіге дейінгі салмақта балуан Ислам Рахманқұлов
жеңіске жетті. «Күміс» Дастан Данаевтың есебінде, ал «қола» Ернат Төлешке бұйырды. +90 кг ең ауыр салмақ дәрежесінде бірінші орынды
Еркебұлан Әбенов, екінші орынды Ерасыл Нұғымат, құрметті үшінші орынды Ұлықбек Төлеуов иеленді. Барлық чемпиондарымызды лайықты жеңістерімен және
марапаттарымен құттықтаймыз!



