Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Kazakhmys Holding топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа шағымы жоқ

Тергеу нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне және оның қаржыландыруына қатысы болмауына байланысты Қазақмыс топ-менеджеріне бұған дейін тағылған айып алынып тасталды. Жұманбаевқа қатысты сотқа дейінгі өндіріс тоқтатылды. «Қазақмыс» компаниялар тобы мен бейіндік активтер өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жүргізеді және әрқашан өз қызметкерлерін құқық алаңында ұсынуға, қорғауға дайын.