Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Құрметті «Қазақмыс» компаниялар Тобының қызметкерлері! Сіздерді Республика күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Республика күні еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символына айналуы тиіс. Бұл күн басты мемлекеттік мереке болып қала береді». Дәл 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Егемендік - бұл мемлекеттің тәуелсіздігі ғана емес, сонымен бірге халықтың бірлігі, ел өмірінің экономикалық және саяси салаларында құқықтық нормаларды сақтауға ұмтылудағы ұлттың бірлігі. «Қазақмыс» өз қызметкерлерімен бірге мемлекет жариялаған қағидаттарды бұлжытпай орындап, қызметкерлердің құқықтары мен еңбегін құрметтейді, халықтың мүддесін ескереді, сонымен қатар әділетті қоғам құру жолында мемлекетпен бірге қадам басып келеді. «Қазақмыс» қызметкерлеріне және барлық қазақстандықтарға амандық пен өркендеу, Отан игілігі үшін еңбекте табыс, достық пен өзара түсіністік тілейміз! Елде және әр үйде бейбітшілік пен келісім болсын! Құрметпен, Директорлар кеңесі «Kazakhmys Holding ЖШС (Қазақмыс Холдингі)»

Смотрите также

Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
22.05.2026
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
Қазақмыста тоқтату жиналысының алғашқы циклы аяқталды
21.05.2026
Қазақмыста тоқтату жиналысының алғашқы циклы аяқталды