Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қоныс тойының жарқын сәттері

15 көпбалалы отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды. Бақытты қоныс иелерінің арасында – Елибаевтар отбасы бар. Үлкен отбасының басшысы – Багдат Елибаев – сегіз баланы тәрбиелеп отыр және «АдалЕнбекKZ» ЖШС-де слесарь-сантехник болып жұмыс істейді. Жұбайының айтуынша, үлкен пәтер туралы көптен бері армандаған және «Қазақмыс» корпорациясының арқасында армандаған арманы орындалды. «Мен «Қазақмыс» басшылығына жаңа пәтер үшін шын жүректен ризамын! Бұл компания өз қызметкерлеріне шынымен қолдау көрсететін және көмектесетін санаулылардың бірі. Біз үшін тұруға барлық жағдай жасалған – үлкен төрт бөлмелі пәтер, тоңазытқыш, теледидар, кір жуғыш машина және жиһаз – үйде бәрі бар»   Қоныс тойын тойлайтын осындай қуанышты отбасылар он бес – әрқайсысында төрттен сегіз балаға дейін тәрбиеленеді. Небәрі жыл соңына дейін Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы, сондай-ақ Қарағанды және Балқаш өңірлерінде тұратын компания қызметкерлерінің 133 отбасысы «Қазақмыс» компаниясынан жаңа пәтерлерге ие болады. Көп балалы қызметкерлерге тұрғын үй беру бағдарламасы «Kazakhmys holding (Қазақмыс холдинг)» ЖШС басшылары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қарағанды облысының әкімдігі арасында қол қойылған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту туралы жасалған үшжақты меморандум шеңберінде жүргізіледі. Осылайша, 2019 жылы компания жұмыскерлердің көп балалы отбасыларына 10 пәтер бөлді, олардың 5–еуі Сәтбаев қаласында және 5–еуі Жезқазған қаласында. Болашақта компания аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қоса алғанда, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуді жалғастыруға міндеттенеді. Пәтер кілттерін бүгін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС даму жөніндегі директоры Бахтияр Крыкпышев пен Сәтбаев қаласының әкімі Аскар Идрисов табыстады. «Жаңа пәтер иелерін жаңа қоныс тойымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сәтбаев қаласында біздің көп балалы қызметкерлерімізге алғашқы 15 төрт бөлмелі пәтерді беру – бұл халықтың осы санатының алдында тұрған ең күрделі мәселені шешу, сондай - ақ Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаевтың республика халқының проблемаларын шешудегі бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі шеңберіндегі бастамаларын нақты қолдау болып табылады» Өз кезегінде жаңа қоныстанушылар «Қазақмыс» компаниялар Тобының басшылығына көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуге көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.

Смотрите также

Қазақмыс қытайлық инжинирингтік компаниялармен жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысын талқылауда
25.05.2026
Қазақмыс қытайлық инжинирингтік компаниялармен жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысын талқылауда
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
25.05.2026
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде