Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

ЖМЗ-да «Dalamatic» жаңа аспирациялық жүйесі орнатылды

Үстіміздегі жылдың қазан айының 4 күні Жезқазған мыс балқыту зауытының шихтасын дайындау цехында инвестициялық жоба шеңберінде орнатылған «Dalamatic» жаңа жүйесі сәтті іске қосылды. Жүйенің алғашқы іске қосылуына «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов, Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов және ІАF компаниясының өкілдері қатысты.  «Біздің компанияда жергілікті типтегі «Donaldson Dalamatic» аспирациялық жүйелер орнатылды, олар тікелей құю қондырғыларында орнатылып, шаң жинайды. Мұнда шаңды жинап, кейін оны конвейерге төгетін сүзгілер орнатылып, тазартылған ауа цехқа жіберіледі», - деді жүйенің тиімділігі туралы баяндаған  «ІАF» ЖШС техникалық директоры Андрей Галата. Қазіргі уақытта ЖМЗ-да 18 Даламатикалық қондырғы орнатылған, оның 13-і шихта дайындау цехында. Жүйе жұмысының бірінші күні тамаша нәтиже көрсетті - тазалау 99,9% жетеді. Шихта дайындау цехында бүгінде 205-ке тарта жан еңбек етеді. Аталмыш бұл жаңа аспирациялық жүйені енгізу кәсіпорында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік береді. Шихтаны дайындау цехынан бөлек, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев «Архимед Қазақстан» ЖШС серіктестігімен ЖМЗ аумағынан ашылған жаңа стоматологиялық кабинетінде болды. Кабинет барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Небәрі 2 аптаның ішінде «Қазақмыстың» 30 қызметкері тіс дәрігерінің қызметін пайдаланды. Жуық арада осындай стоматологиялық кабинеттер Жезқазған өңдеу зауыты мен Сәтбаев қаласында да ашылады деп жоспарланып отыр.

Смотрите также

Қазақмыс қызметкерлердің балалары үшін жазғы демалыс маусымын ашты
09.06.2026
Қазақмыс қызметкерлердің балалары үшін жазғы демалыс маусымын ашты
Олжас Бектенов Қазақмыстың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоғары технологиялық медициналық жобамен танысты
08.06.2026
Олжас Бектенов Қазақмыстың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоғары технологиялық медициналық жобамен танысты
Қазақмыс Жезқазғандағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін мерекелік акция ұйымдастырды
05.06.2026
Қазақмыс Жезқазғандағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін мерекелік акция ұйымдастырды