Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Академик Сұлтанбек Қожахметов 90 жасқа толды

Сұлтанбек Мырзахметұлы - ғұмырын металлургия саласына арнаған ғалым, Қазақстан өнеркәсібінің даму бағытын өзгерткен ғылыми жаңалықтардың авторы. Оның еңбегі ғылыми зерттеу жұмыстарының жазылуына негіз болды және өндірісте қолданысқа енгізілді. Атап көрсетерлігі академиктің ғылыми бастамалары күні бүгінге дейін еліміздің және шетелдің кәсіпорындарында жүзеге асырылуда. Мәселен, 1974 жылы оның жетекшілігімен Ертіс мыс балқыту зауытында күрделі мыс-мырыш шикізатын балқытуға арналған бірегей КИВЦЭТ әдісі енгізілді. 1985 жылы Балқаш металлургия зауытында мыс концентратын сұйық ваннада – Ванюков пешінде балқыту үдерісі игерілді. Бұл жаңалық өндіріске технологиялық серпіліс әкелді және бүгінгі күнге дейін нақты нәтиже беріп тұр. Ғылыми жетістіктерінен бөлек Сұлтанбек Қожахметов Ғылым академиясында жауапты қызмет атқарды: Металлургия және кен байыту институты директорының орынбасары, Академияның вице-президенті, институт директоры болды. Оның ғылыми мектебі ғалымдар мен мамандардың тұтас бір буынының іргетасын қалады. Бүгін Алматыда, университетте ғалымның мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. «Қазақмыс» корпорациясы атынан Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев академикке ғылым мен металлургияны дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Смотрите также

«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
25.05.2026
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін дамытуды жалғастыруда
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
22.05.2026
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде