Біздің ұранымыз – мақсатқа талпынушылық!
19.10.2020
Жанат Иманбеков Балқаш қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы 40 жылдан
астам уақыт өндірісте: әкесі – Балқаш ЖЭО жонушы, ал анасы – Жөндеу-механикалық
зауытында құюшы болып жұмыс істеген. 22 жасында Жанат Ленин атындағы ҚазПТИ–ді «Инженер-металлург»
мамандығы бойынша бітірген. Мұндай мамандықты ата-анасының өткенінен ғана емес, металлургтер қаласында
тұрғандықтан да таңдады. Жанаттың кенже ұлы Балқаш техникумын бітіріп, қазір
Балқаш мыс балқыту зауытында ауысым шебері болып жұмыс істейді. Өзінің еңбек жолын 1988 жылы бастаған Жанат Ордабекович түрлі лауазымдарда
жұмыс істеді және тіпті еңбектегі жетістіктері үшін құрмет қағаздарымен және
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен бірнеше рет марапатталды. «Мен ауысым шеберінен бастадым, қазір үлкен командаға басшылық етемін. Менің міндеттеріме мыс концентраттары мен флюс материалдарын жеткізу кіреді. Мен шикізат жеткізу бойынша келіссөздерді ұйымдастырамын және жүргіземін. Менің басшылығыммен команда келіп түсетін шикізаттың сапасын белгіленген талаптар бойынша бақылайды. Әрине, мен қазірдің өзінде алынған өнімді жеткізушілерге таратамын. Жұмысқа келіп, мен өткен тәуліктегі тапсырмалардың орындалуына талдау жүргіземін және келесі 24 сағатқа жұмысты жоспарлаймын. Жеке өзім компания бөлімшелері бойынша, сондай-ақ Балқаш мыс балқыту зауытының аумағы бойынша өндірістік аралау жүргіземін» Жанат Ордабекович бос уақытын барынша пайдалы өткізуге тырысады: түрлі
спорт түрлерімен (баскетбол, волейбол және теннис) айналысады, отбасымен бірге сейілдеуге
жиі шығады. Сондай-ақ, оның хоббиі – көгершіндерді өсіру. Жанат Ордабековичтің айтуынша, компанияға
жұмысқа орналасу үшін бірінші кезекте тиісті білім алу қажет. Әрі қарай өз
түйіндемеңізді жіберіп, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-не тиісті бағдар бойынша
әңгімелесуден өту керек. Жақсы үміткер әрдайым металлургия
зауытының өндірісі мен технологиялық үдерістеріне басқаларға қарағанда
тереңірек үңіледі. Қызметкерлерде тәртіп, сауаттылық, ұжымда жұмыс істей білу
және кәсіпте дамуға деген ұмтылыс бағаланады. «Қазақмыс» қызметкерлерінің ортақ
қасиеті — мақсатқа талпынушылық. Дереккөз: nur.kz



