БМЗ бас инженерімен сұхбат
15.11.2020
«Қазақмыс» компаниясының өндірістік қауіпсіздік саласындағы серіктесі – Dupont Sustainable Solutions
сарапшыларының бағалауы бойынша қазіргі уақытта Балқаш зауыты Топ кәсіпорындары
арасында өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқару жүйесінің
тиімділігі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұл туралы зауыттың бас инженері Бексултан Касымбековпен
әңгімелестік. -
Бексултан
Жумадилдинович,
кәсіпорын басшыларының қайсысы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару
жүйесінде, қандай критерийлер бойынша бағаланады және бұл бүкіл зауыттың қауіпсіздік
көрсеткіштеріне қалай әсер етеді? -
Басқару жүйесін жаңа дербес
деңгейге шығару үшін әр кәсіпорын басшыларының үштігі бағаланады. Олардың
қатарына зауыт директоры, бас инженер, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік және
еңбекті қорғау бөлімінің бастығы кіреді. Әр басшыда қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды
басқару жөніндегі
қызметкердің құзыреттерін бағалау нәтижелері бойынша әзірленген жеке даму
жоспары бар. ӨҚ және ЕҚ
басқару бойынша басшының құзыреттілігінің нысаналы бейініне сәйкес келуі,
сондай-ақ оларды жақсарту бойынша жұмыс кәсіпорынға жалпы қауіпсіздік деңгейін
арттыруға көмектеседі. Басшыларды
бағалаудың негізгі критерийлері: кәсіпорынның қауіпсіздік мақсаттарын басқару
мүмкіндігі, ресурстарды ұтымды пайдалану мүмкіндігі, осы саладағы рөлдер мен
жауапкершілікті дұрыс бөлу мүмкіндігі. -
Бүгінгі таңда басшылардың
тиімділігін бағалау кәсіпорынға қандай нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі? -
Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жүйесін басқаруда басшыларға басты рөл берілетінін түсіну
маңызды: бүкіл кәсіпорынның қауіпсіздік саласындағы көрсеткіштері олардың үдерісті дұрыс ұйымдастыру және басқару
қабілетіне байланысты. Бұл бізді «Қазақмыс» Тобының негізгі мақсаты – нөлдік
жарақаттанушылыққа жетуге жақындатады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқару
жүйесін жетілдіру үшін арнайы даму жоспарлары әзірленеді, қажетті іс-шаралар
тізімі және оларды орындау мерзімдері бекітіледі, сондай-ақ кәсіпорындағы
қызметкерлердің өндірістік тәуекелдері мен жарақаттануын азайту жөніндегі
шешімдер енгізіледі. Қауіпсіздікті басқару жүйесі элементтерінің тиімділігі мен
басшылардың
тиімділігін жан-жақты қарастыра отырып, ӨҚ және ЕҚ басқару жүйесінің жалпы деңгейі және
қауіпсіздік жағдайы туралы айтуға болады. -
Жұмыс үдерісі
қалай ұйымдастырылғанын және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бүгінгі күні
қандай жаңа құралдарды пайдаланатыныңызды айтып берсеңіз? -
Жалпы, өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және оңтайландыру жұмыстары
зауытта 2016 жылдан бастап жүргізілуде. Бұл жерде «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС барлық құрылымдық бөлімшелері
арасында Балқаш мыс балқыту зауыты алғашқылардың бірі болып тәуекелдерді
басқару жүйесі бойынша трансформациядан өткенін атап өткім келеді. Ең алдымен,
біз өнеркәсіптік қауіпсіздіктің ағымдағы жай-күйін анықтау бойынша жұмыс
жүргіздік. Жүйені жетілдіруде «DuPont
Sustainable Solutions»
компаниясының сарапшылары үлкен рөл атқарды. Ынтымақтастық нәтижесінде
жарақаттану тәуекелдерін басқарудың жаңа жүйесі енгізілді. Одан әрі жұмыс
барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмысты
оңтайландыру үшін әдістеме айқындалды және тәжірибе-сарапшылар бөлінді, қызметкерлерді тиісті оқыту жүргізілді. Сондай-ақ
зауытта ӨҚ және ЕҚ бойынша тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің жүйесі
енгізілген. Бүгінде біз қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін құралдардың тұтас
жиынтығын пайдаланамыз. Бұл визуалды басқару тақталары, сызықтық айналымдар
және арнайы жұмыс сессиялары. Бұдан басқа, біз кәсіпорында және басқа да қызмет
салаларында қолданылатын техникалық кеңестерді енгіздік. Осы құралдарды
қолдану, сондай-ақ жоғары тәуекелдерді анықтау бойынша бірқатар іс-шараларды
өткізу зауыттағы жарақаттану мен апатты
айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. -
Пандемия сіздің кәсіпорыныңыздағы өндірістік қауіпсіздікті жедел басқару үдерісіне әсер етті ме? Қиындықтар болды ма
және жаңа шешімдер пайда болды ма? -
Пандемия кезінде біздің зауыт алғашқылардың бірі болып жылукөргіштік жүйелерді орнату бойынша пилоттық
жобаларды іске қосты. Қазіргі уақытта аумақта жылукөргіштер мен дезинфекциялық тоннельдер
орнатылған. Пандемия кезінде жоспарлау жұмыстарында ерекше қиындықтар болған
жоқ. Вирус жұқтыруды азайту үшін өндірістік тәуекелдерді азайту бойынша барлық
іс-шаралар бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн-форматқа ауыстырылды. Ал
қауіпсіздік мәселелерін жедел басқару үшін арнайы құрал – цифрлық панельдер
енгізілді. Бұл әр түрлі көздерден кез келген
ақпаратты түсіруге оңай қосылуға, ақпаратты бір деректер моделіне біріктіруге
және стандарттауға, содан кейін осы мәліметтер негізінде қажетті параметрлерді
есептеуге және есеп беруге мүмкіндік беретін аналитикалық орта немесе
бағдарламалар мен қызметтер жиынтығы. -
20 қарашада қауіпсіздік бойынша арнайы іс-шара өтеді, онда ӨҚ және ЕҚ басқару
жүйесінде стандарттарды орындау тәртібі мен мейлінше көбірек тартылғандығын
көрсеткен қызметкерлер атап өтіледі. Ал сіз кәсіпорында басшыларды қалай
тартасыз және тәуекелдерді басқару бойынша қызметкерлердің құзыреттерін қалай
дамытасыз? -
Басшылардың тартылуы және қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту – ұйымның кадр
саясатының өте маңызды құралы, және ол бойынша жұмыс біздің кәсіпорындағы
қызметкердің алғашқы жұмыс күнінен басталады. Біз қауіпсіздік саласында
бірқатар көрсеткіштерді қолданамыз, олар бойынша басшылардың жүйені басқаруға
тартылуын өлшейміз. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымымен және жастар одағымен бірлесіп
зауытта арнайы байқаулар
өткіземіз. Мысалы, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған жыл сайынғы байқау. Біз өзімізді өз ісінің маманы
ретінде танытқан қызметкерлерді ынталандыруға тырысамыз. Біздің қызметкерлер
жыл сайын «Kazakhmys
Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)»
ЖШС деңгейінде үш номинация: «Сенімділік», «Құзыреттілік» және «Бейілділік» бойынша марапатталады. -
Кәсіпорынның 2020 жылғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ең
маңызды жетістіктері туралы айтып берсеңіз және олар бүгінгі күні жарақаттану
деңгейіне қалай әсер етеді? -
2020 жылы зауытта жоғары тәуекелдерді төмендету үшін бірқатар бастамалар
енгізілді, олардың ішінде: БМЗ қосалқы станцияларындағы тоқ өткізгіш бөліктерге кездейсоқ жанасу
қаупін болдырмау; қызметкерлерге кіру қаупін азайту және теміржол вагондарын
тиеу эстакадасында стационарлық қоршауларды орнату; құрғақ күштік
трансформаторлары бар жиынтық екі трансформаторлық екі қатарлы қосалқы
станцияны ауыстыру; биіктіктен құлау салдарынан жарақат алудан қорғауға
арналған қорғау-ұстау торларын орнату және тағы басқалар. Зауыттың кейбір
шешімдері Топ
қызметкерлері арасындағы қауіпсіздік байқауының қысқа тізіміне енгізілді.
Біздің авторлардың бірі осы байқауда жүлделі орынға ие болады деп үміттенемін,
бірақ дауыс беру бәрін шешеді. Біз қорытындысын күтеміз. «Балқаш мыс қорыту зауыты өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігі жөніндегі Топтағы жетекші орындардың бірін иеленеді. Бұдан басқа, кәсіпорынның бірінші басшысы ӨҚ және ЕҚ басқару бойынша құзыреттілік деңгейін бағалау кезінде жоғары нәтижелерді көрсетеді. Бүгінгі таңда қауіпсіздікті басқаруға қатысу менеджменттің барлық деңгейлерінде – шеберден директорға дейін жүруі өте маңызды. Бұл компанияны қауіпсіздік мақсаттарына жетуге жақындатады»



