Қауіпсіздік сағаты
27.07.2020
Карантин жағдайында кеңес бейне байланыс арқылы өтті – оған әр түрлі бөлімшелердің өкілдері жұмыс орындарынан кетпей-ақ қатысты. Кеңеске "Қазақмыс Холдингі" ЖШС ЕҚжәнеӨҚ жөніндегі комитетінің төрағасы Максим Комель қатысты. Ол 2018-20 жылдар кезеңінің қорытындысы бойынша өлімге әкелетін жарақаттың – 36% - ға, ал жалпы жарақат 20% - ға азаюына қол жеткізілгенін айтты . Сонымен қатар, ол бүгінгі күндегі басты жетістіктер туралы да айтып өтті – негізгі қауіптерді анықтау және қауіпті еңбек жағдайларын азайту бойынша іс-шаралар жүргізілді, қызметкерлер жарақаттардың алдын алу және қауіпсіздік туралы білімдерін арттыру жөніндегі жұмыстарға тартылды, сондай-ақ өндірістік персоналды қолдау үшін ЕҚжәнеӨҚ қызметінің құзыреттілігі артты. Осылайша, жарақаттанудың нөлдік деңгейіне, еңбекті қорғауды басқару жүйесін автоматтандыру және цифрландыру бағытындағы жұмыс сапасын жақсартуды, сондай-ақ қызметкерлердің білім жетілдіру үшін алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану жалғастырады. Өз кезегінде, еңбекті қорғау және қауіпсіздік Департаментінің директоры Дархан Жангиров соңғы екі жылда "Қазақмыс" тобы бойынша 61 мыңнан астам қауіп анықталғанын айтты. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға 1,2 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Сондай-ақ, кеңес аясында Жыланды.к, Жезқазған байыту фабрикасының, Балқаш және Жезқазған мыс балқыту зауыттарының басшылары тәуекелдерді басқару жүйесінің үздік тәжірибелері туралы баяндама жасады. Ал жұмыс қорытындысын шығарғаннан кейін, тау-кен байыту кешені мен "Қазақмыс Смэлтинг"ЖШС бөлімшелерінде тәуекелдерді басқару жүйесін дамытуға үлкен үлес қосқан үздік қызметкерлер марапатталды. Компанияның он бес қызметкері лайықты марапатқа ие болды: "Қауіпсіздік Сағаты" іс – шарасын қорытындылай келе, Максим Юрьевич Комель "Қазақмыс" Тобы компанияларының қызметкерлері еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау саласындағы кез-келген оң тәжірбиені көтермелейтінін білуі және түсінуі керек, ал мұндай тәжірбие қызметкерлерді осы саладағы жетістіктер туралы хабардар ету болып табылады.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қауіпсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұйымдастырудың үлгісі болып табылатын қызметкерлерді марапаттау компанияның дәстүріне берік кіретінін атап өтті.



