Қауіпсіздік мәселелерін цифрландыру
17.05.2020
DuPont Sustainable Solutions сарапшыларымен бірге жүргізген жұмыс шеңберінде, кәсіпорындарында ауыр және өлім-жітімді төмендету бойынша сандық құралдар енгізілуде. "Цифрландырудың" алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде оң нәтижесін көрсетуде. Мысалы, шахталық өңдеу тресінде он бес өздігінен жүретін көлік құралдарына (ӨЖКҚ) айналма шолу камераларын орнату жоспарланған, бұл жаяу жүргіншіге жолды өту кезіндегі қауіпті азайтуға мүмкіндік береді. Бұл бастама Нұрқазған кенішінде де жоспарланып отыр – жаяу жүргіншіні қағып кету немесе артқы жүріспен маневр жасау кезінде басқа да жабдықтармен соқтығысу қаупін болдырмау үшін. Кен орнында жерасты көліктерінде бейнебақылау камераларын қолданудың оң тәжірибесі бар. 2020 жылдың наурыз айында Нұрқазаған кенішінде "адам-машина"датчиктерімен байламда радиолокациялық анықтау жүйесі тестіленді. Тестілеу жақсы нәтиже көрсетті, сондықтан жақын арада – 22 ӨЖКҚ радиолокациялық анықтау жүйесін орнату және 500-ге жуық қызметкер үшін жеке шамдарға чиптерді орнату жоспарлануда. Бұл жүргізушіге берілген қамту аймағында объектілерді анықтауға және соқтығыс болмау үшін алдын-ала, ескерту сигналдарын алуға мүмкіндік береді. Осылайша, ӨЖКҚ операторларында "соқыр аймақтарға " байланысты қауіптің төмендеуіне мүмкіндік береді. Алдағы уақытта Шатыркөл кенішіндегі көліктерге қақтығыстың алдын алудың аналитикалық жүйесі – ISS System-ді енгізу жоспарлануда. Шығыс-Жезқазған кенішінің ӨЖКҚ операторларына, көрудің жеткіліксіздігіне байланысты артқы көріністі көру үшін камералар орнатылады. Бұл көптеген келеңсіз жағдайлардын алдын алуға мүмкіндік береді. Балқаш мыс балқыту зауытына келетін болсақ, онда цехтардан көліктің кіру және шығу орындарында орнатылған сигнал беру және қозғалыс датчиктері алдын алуы тиіс. Одан әрі жұмыс Қазақмыс тобы бойынша ЕҚжәнеӨҚ саласында қол жеткен жетістіктерді бекітуге бағытталған. Ағымдағы қауіпсіздік талаптарын орындау, жарақаттанудың төмендеуінің кепілі болып табылады және бұл әрбір қызметкерге – жұмысшыдан директорға дейін тікелей байланысты. Сандық шешімдерді қолдану мүмкіндігі қауіпсіздік саласындағы жұмысты айтарлықтай жақсартуға көмектеседі, сондықтан күнделікті жұмыс үшін де осындай құралдарды енгізу маңызды.



