Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

КЕНШІЛЕР МЕН БАЙЫТУШЫЛАР КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛУДЕ

Кәсіби мерекені атап өту қазақстандық танымал әнші Абдулкарим Каримовпен және кәсіби жаттықтырушымен бірге ашық аспан астындағы фитнес-жаттығумен басталуының символдық мәні зор. «Тәні саудың – жаны сау» деген нақылға сай өтіп жатқан бұл іс-шара бір апталық мереке барысында кімге болса да сергектік сыйлары анық. Мұрат Мұтырғановтың «Шапито» цирк шоуы, алып әуе шары мен картинг ойындары – қала халқының есінде ұзаққа сақталатын оқиғалар. Жастарға арналған RnB және Q-pop ритміндегі концерт те мерекелік апталықтың көркін ашады. Сәтбаевтықтар мен қала қонақтары ашық аспан астындағы караоке сайыстарға белсенді қатысып, кешкілік қазақстандық эстрада әндеріне сүйсінуде. Осы күндер ішінде сонымен қатар өндірісте қаза болғандарды еске алу, өндіріс озаттарына құрмет көрсету шаралары да үздіксіз өтуде. Кеншілер қаласы есімін иеленген қазақтың біртуар ұлы, академик Қаныш Сәтбаевты ұлықтау шаралары дәстүрге сай өтіп жатыр. 27 тамызда салтанатты жиын академик ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталады. Қазақ ұлттық ойындарының жанкүйерлері де мереке аясында ұмыт қалған жоқ. 26 тамызда кеншілер мен байытушылар күніне орай «Аламан бәйге» мен «Қыз қуу» өтеді. Сонымен қатар, осы күндері сәтбаевтықтарға композитор Ж. Сейілов өмірінен сыр шертетін «Неге солай?» көркем фильмі көрсетілді. «Қазақмыс» қолдауымен «Даңқ» орденінің иегері, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Ж. Үншібаевтің бюсті ашылады. Ал, Жезқазған қаласының тұрғындары «Төртеу түгел болғанда...» тарихи драмасын ашық аспан астында тамашалайды. Сондай-ақ, республикалық мүшайра жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мысты қала төрінде өтеді. Кәсіби мереке Сәтбаев қаласында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін Гала-концертпен қорытындыланады.

Смотрите также

Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
24.05.2026
Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
22.05.2026
Қазақмыс жұмыскерлер мен олардың отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейтуде
Қазақмыста тоқтату жиналысының алғашқы циклы аяқталды
21.05.2026
Қазақмыста тоқтату жиналысының алғашқы циклы аяқталды