Құрметті әріптестер!
08.05.2022
Құрметті
әріптестер! Сіздерді
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтаймын! 9 мамыр –
әрқайсымыздың өміріміздегі басты да қасиетті күн. Бұл – нағыз батырлардың даңқты
ұрпағының ерлігі үшін халқымыздың шексіз қуанышы мен мақтанышына айналған күні. Ұлы Отан
соғысы жылдарында Балқаш және Жезқазған өңірінің металлургтері Кеңес әскеріне
аянбай тер төгіп, Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосты. Сұрапыл жылдардағы
батырлардың есімдері тарихымызда мәңгі сақталады. Майдангерлер мен тыл еңбеккерлері бүгінде
азат елде өмір сүріп, ұрпақтарының
қызығын көруде. Осынау
мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, мейірім мен амандық тілеймін! Құрметпен, Нұрахмет Нұриев, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС
(KazakhmysSmelting) Бас атқарушы директоры.


