Тұрақты даму стратегиясы
ESG саясатының бес тірегі
Біздің әлем үнемі өзгеру үстінде, Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесінде болатын өзгерістер бизнес, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарда жаңа вектордың пайда болуына себеп болды. Әлеуметтік әріптестіктің жаңа деңгейіне өту үшін өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық және басқа күрделі сұрақтарды бірлесіп шешуде әділ қажеттілік туындайды.
Қоршаған ортаға қамқорлық
Бұл құрамдас компанияның экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қоршаған ортаға жауапты қарым-қатынас жасау міндеттемелерін қамтиды. Оған көмірқышқыл газы шығарындыларын азайту, энергияны үнемдеу, қалдықтарды дұрыс өңдеу және тау-кен өндірісінің қоршаған ортаға әсерін төмендету жөніндегі бастамалар кіреді.
Адам капиталы мен жергілікті қауымдастықты дамыту
Бұл бағыт адам капиталын дамыту, жергілікті қауымдастықтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылымды қолдау, сондай-ақ мүдделі тараптармен позитивті қарым-қатынас орнату жөніндегі бастамаларды қамтиды.
Этикалық корпоративтік басқару және ашықтық
Этикалық мінез-құлықтың маңыздылығын атап көрсететін бұл құрамдас тиімді басқару, іскерлік тәжірибеде адалдық, ашықтық, нормативтік талаптар мен салалық стандарттарды сақтау мәселелерін қамтиды.
Болашақ энергияға көшу үшін мыс өндірісін арттыру
Бұл құрамдас елдің болашақ энергетикалық көшуі үшін мыс өндірісін ұлғайтуға бағытталған. Оған бизнестің операцияларында тұрақты дамуды интеграциялау кіреді, соның ішінде:
• мыс өндіру технологияларындағы инновациялар;
• мыс өндіру мен қайта өңдеудің тиімді және экологиялық тұрақты әдістерін жасауға арналған зерттеулер мен әзірлемелер.
Өндірістік қауіпсіздік мәдениеті
Бұл құрамдас компания қызметінің әсеріне ұшырайтын қызметкерлер мен мүдделі тараптардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қарастырады. Оған қажетті қауіпсіздік протоколдарын енгізу, лайықты оқытуды ұйымдастыру және барлық өндірістік процестерде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру кіреді.
