Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Кәсіподақтармен кездесу

Кездесуде кәсіподақтардың қызметі, жұмыскерлерді кәсіподақ ұйымдарына қатыстыру және кәсіподақтар арасындағы коммуникациялар мәселелері талқыланды. Жұмыскерлердің мүдделерін қамтамасыз етуде жұмыс беруші мен кәсіподақтардың күш-жігерін біріктіру мақсатында, сондай-ақ одан әрі бірлескен іс-қимылдарды айқындауда компания жұмыскерлері мүшелері болып табылатын жұмыс беруші мен әрбір кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Бір ай ішінде осы топ «Қазақмыс» кәсіпорындарындағы кәсіподақ ұйымдарының қызметін жетілдіру бағдарламаларын алқалы түрде қарайтын болады, кейіннен жұмыскерлерді хабардар ете отырып, барлық кәсіподақтардағы мүшелік шарттар қорытылады, сондай-ақ кәсіподақтар арасындағы коммуникация тәртібі айқындалатын болады.