Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыста жүк көтергіш техникамен жұмыс істеу қауіпсіздігі айлығы басталады

Қазан айында «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындарында жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке арналған тақырыптық айлық өтеді. Негізгі міндет – жүкті көтеру және жылжыту кезінде туындайтын тәуекелдердің алдын алу.

Техниканың және жүк қармау құрылғыларының жарамдылығына, жүкті дұрыс ілуге, жүк көтерімділігі талабының сақталуына және қауіпті аймақта адамдардың болуына жол бермеуге ерекше назар аударылады.

Ай бойы кәсіпорындарда нұсқамалар, оқыту және «қауіпсіздік минуттары» өткізіледі. Жұмыскерлермен бірге нақты өндірістік жағдайлар талданып, оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік беретін әрекеттер қарастырылады.

Негізгі қағидалардың бірі – «Жұмысты тоқтату құқығы». Егер жұмыскер өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайды – жарамсыз жабдықты, зақымдалған ілмекті, жүктің дұрыс ілінбеуін немесе қауіпті аймақта адамның болуын байқаса, дереу жұмысты тоқтатып, бұл туралы басшыға хабарлауға құқылы.

Тақырыптық айлық – өндірістік қауіпсіздік бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі. 2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Қазақмыстың өз қызметкерлері арасында өліммен аяқталған өндірістік жарақат жағдайына жол берілген жоқ, ал зардап шеккен қызметкерлердің саны 40%-ға азайды.

Қазақмыста 2026 жыл Өндірістік қауіпсіздік жылы деп жарияланды. Жыл бойы компания өндірістегі негізгі тәуекелдерге жүйелі түрде назар аударып, алдын-алу шараларын, оқытуды және жұмысты қауіпсіз орындау үшін әр жұмыскердің жеке жауапкершілігін күшейтуге басымдық беруде.