Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс «Абыз» кен орнында 2 600 метрден астам барлау ұңғымасын бұрғылады

Қарағанды облысындағы «Абыз» алтын-полиметалл кен орнында геологиялық барлау жұмысы жалғасуда. Бүгінде 2 600 қума метрден астам бұрғылау жұмысы жүргізілді. Бұл жоспарланған 5 100 метр көлемнің жартысынан астамы.

Бағдарлама аясында тереңдігі 800-ден 1 200 метрге дейінгі алты ұңғыма бұрғылау көзделген. Алынған кернге кешенді геологиялық зерттеу жүргізіледі. Бұл кен орнының терең деңгейжиектерінің құрылымын нақтылауға және болашағы бар учаскелерді айқындауға мүмкіндік береді.

Терең бұрғылау – «Қазақмыс» компаниясының минералдық-шикізат қорын дамыту құралдарының бірі. Қолданыстағы кен орындарын тереңдікте зерттеу олардың алдағы әлеуетін бағалауға және болашақтағы геологиялық барлау жұмысының бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. 

2026 жылы жаңа басқару командасының келуімен Қазақмыс геологиялық барлау бағытын күшейтіп, компания жұмыс істейтін өңірлердегі болашағы бар учаскелерді зерттеу ауқымын кеңейтті.

«Абыз» кен орнында терең бұрғылау бағдарламасын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.