Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Қазақмыс» пен Qarmet өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәжірибелерімен бөлісті

«Қазақмыстың» мамандары еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және мердігер ұйымдармен жұмыс жүргізу салаларында тәжірибе алмасу мақсатында Qarmet компаниясының өндірістік және құрылыс нысандарында болды.

Нысандарда «Қазақмыс» өкілдері жұмысты қауіпсіз ұйымдастыру және мердігерлерді бақылау жүйесімен танысты. Жаңа өндірістік нысандардың құрылыс алаңдарында тікелей қолданылатын тәжірибеге ерекше назар аударылды.

Жұмыс кездесуі барысында екі компанияның мамандары мердігерлерді алдын ала біліктілік бойынша іріктеу, олардың өндірістік нысандарға кіруіне қойылатын талаптар, қауіпсіздікті бақылаудың цифрлық құралдары және тәжірибеде қолданылатын басқа да шешімдерді талқылады.

«Қазақмыста» 2026 жыл Қауіпсіздік жылы болып жарияланды. Компания қолданыстағы тәсілдерді салыстыру, тиімді шешімдерді енгізу және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мақсатында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың тәжірибесін зерделеуде.

«Қазақмыс» Qarmet компаниясына ашық кәсіби диалог пен практикалық тәжірибесімен бөлісуге дайын болғаны үшін алғыс білдіреді.

Фото: «Qarmet» АҚ