Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыста персоналды іріктеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Жезқазғанда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның персоналды іріктеу жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия Шығыс және Батыс Жезқазған кеніштеріндегі бос жұмыс орындарына үміткерлерді ашық әрі объективті іріктеу қағидаттарына негізделген бірыңғай жүйе аясында қарады.



Әңгімелесу нәтижесінде үміткерлердің бірқатары жұмысқа қабылдауға ұсынылса, қалғандары алдағы уақытта бос жұмыс орындары пайда болған жағдайда қайта қарастыру үшін кадрлық резервке енгізілді.

Кадрларды іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады: үміткерлер алдымен корпоративтік бос жұмыс орындары порталында өтінім береді, кейін комиссиялық әңгімелесуден өтеді. Қорытынды шешім персоналды басқару қызметі, кәсіпорын басшылары, өнеркәсіптік қауіпсіздік және бейінді қызмет өкілдерінің қатысуымен алқалы түрде қабылданады.



Бірыңғай іріктеу жүйесі компанияның барлық бөлімшелерінде қолданылады. Ол кадрлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, үміткерлерге тең мүмкіндік береді және жұмысқа қабылдаудың бірыңғай стандартын қалыптастырады.