Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Құрметті отандастар!

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС атынан және жеке өз атымнан Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке ерлік рухын, жоғары жауапкершілікті және Отанға деген адалдықты айшықтайды. Дәл осы құндылықтар қуатты мемлекет пен бірлігі жарасқан қоғамның іргетасы болып табылады. Біз еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығын күзетіп, кәсіби және азаматтық парызын абыроймен атқарып жүрген барша азаматтарға зор құрмет білдіреміз.

Қазіргі уақытта Отанды қорғау түсінігі әскери қызмет шеңберінен әлдеқайда кеңейген. Бұл – экономиканың орнықты дамуына, өндіріс орындарының тұрақты жұмысына және өңірлердің әл-ауқатына үлес қосып жүрген мыңдаған азаматтардың күнделікті еңбегі. «Қазақмыс» компаниясында біз қорғау ұғымын өндірістік тұрақтылыққа жауапты болу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлеріміз өмір сүріп, еңбек ететін өңірлерді дамыту деп білеміз. 

Біз еңбек қауіпсіздігі мәселесіне ерекше мән береміз. Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау – біздің бұлжымас басымдығымыз әрі қоғам алдындағы ортақ жауапкершілігіміз. Осы негізде қорғаудың бүгінгі заманға сай мәні айқындалады – ол адамды, отбасын және елдің болашағын қорғау.

Осы мерейлі күнде барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бейбіт өмір, береке-бірлік және ертеңгі күнге нық сенім тілеймін. Бірлік, жоғары кәсібилік және жауапкершілік сезімі Отанымыздың тұрақты дамуы мен өркендеуінің сенімді тірегі болып қала берсін!
 
 
Құрметпен,
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
Басқарма төрағасы
Руслан Өскенәлі