Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Нұрқазған кенішіндегі жағдай туралы

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай мен карантин режимін енгізу басталғаннан бері, кеніште, Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларын орындау шеңберінде барлық қарастырылған алдын алу- іс-шаралары жүргізілді және тұрақты түрде жүргізілуде. 2020 жылдың 06 мамырында қабылданған шараларға қарамастан, кен орнында коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелді. Бір ауырған , үш тығыз байланыста  болған және  21 жай қарым-қатынаста болған қызметкерлер анықталып,  карантинге орналастырылған. Компания басшылығы кеніштің қызметкерлері арасында ПТР әдісімен Еңбек міндеттерін орындау барысында науқастармен байланыста болған тұлғалар арасында зертханалық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдады.Осы тексерістің және қызметкерлердің медициналық мекемелерге жүгінуінің қорытындысы бойынша 35 оқиға анықталды. Қазіргі уақытта кеніште өндірістік цикл тоқтатылды, ауысым бойынша 100 еңбеккердің күшімен 12 сағаттық жұмыс режимі бойынша тек жөндеу және алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Қызметкерлдің денсаулықтарына қауіп төнбес үшін жеке санаторийлерге орналастырылды. Қазіргі уақытта жағдай қатаң бақылауда. "Нұрқазған" кенішінің қызметкерлерін ПТР әдісімен тестілеу жүргізілуде. Осы әдіспен 100 пайыздық тестілеуді қамту жоспарлануда. Сондай-ақ қосымша ұйымдарға қойылатын талаптардың қатарына,  ПТР-ді міндетті түрде өту жүктелген. Тестілеу Теріс нәтиже көрсеткен қызметкерлер кезекті еңбек демалысына яғни  самоизоляцияда болу үшін жіберіледі. Ағымдағы жылдың 01 маусымынан бастап" Нұрқазған "кеніші уәкілетті органның барлық қосымша санитарлық нұсқамаларын сақтай отырып, жұмыстың вахталық әдісіне көшеді, бұл КВИ ауруларының әуекелдерін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.