Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Батыл көшбасшылық»: Астанада қауіпсіздік мәдениеті бойынша семинарлар сериясы аяқталды

Астанада «Қазақмыс» корпорациясы мен оның еншілес компанияларында қауіпсіздік мәдениетін трансформациялаудағы басшылардың рөлі тақырыбына арналған «Батыл көшбасшылық» семинарлар сериясы аяқталды. Кездесу тамыз-қыркүйек айларында Қарағанды, Жезқазған және Астана қалаларында өтті.

Семинарлар сериясы қауіпсіздік саласындағы көшбасшылыққа бірыңғай тәсілді қалыптастыруға, басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруға және Қауіпсіздік мәдениетін трансформациялау бағдарламасын іске асыру бойынша нақты іс-қимылдарды айқындауға бағытталды.

Астанада қатысушылар бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылап, алдағы 90 күнге арналған басым бастамаларды айқындады. Сондай-ақ әр басшы өз командасында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған 2-3 жеке міндетті белгіледі.

Семинарлардың практикалық бағыты жалпы қағидаттан нақты басқарушылық іс-қимылға көшуге мүмкіндік берді. Үш қалада өткен кездесу корпорация мен оның еншілес компанияларының басшыларын қауіпсіздікке қатысты бірыңғай тәсілдер төңірегіне топтастырды.

Келесі кезең – айқындалған бастамалар мен міндеттемелерді тікелей құрылымдық бөлімшеде іске асыру.

Семинарлар сериясы Қазақмыстың Қауіпсіздік мәдениетін трансформациялау бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға, өндірістік үдерістің сенімділігін арттыруға және қауіпсіздіктің тұрақты тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.