Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Жезқазғандағы өндіріс жастарының слеті

Слетке қатысушылар Қ.И Сәтбаев атындағы тарихи өндірістік мұражаймен танысып, дөңгелек стол басында  өндірістегі жастардың өзекті мәселелерін талқылап,өзара пікір алмасты.Өздерін толғандырған сұрақтарын қойып,оған жауап алып,кейбір шешімі табылмаған сұрақтары басшылыққа жолданатын болды. Жиналған жастарға «Мобилография. Копирайтинг. SMM» курсы да өткізілді.«Еуразия» арнасының тележүргізушісі Асаубек Айымбетов «Тиімді көшбасшылық және өндірістік жастардың арасындағы көшбасшылық әлеуетін дамыту»тақырыбында арнайы тренинг өткізді. Тележүргізуші мәдениетті сөйлеу,сөйлеу шеберлігі,сөз саптау тақырыбында жиналған аудиториямен ой бөлісті. Іс-шара соңында, бір топ слетқа қатысушыларға, «Жастар болашақ» одағының арнайы марапаттары табысталды.