Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Satbayev University және Қазақмыс Қаныш Сәтбаевтың құрметіне кітап шығарды

Кітап авторы – ғалым, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Satbayev University Металлургия және кен байыту институтының бас ғылыми қызметкері Сұлтанбек Қожахметов. Автордың айтуынша, ол кітап шыққанға дейін 25 жылдан астам уақыт бойы Қаныш Сәтбаевтың өмірбаянын зерттеп, ақпарат жинаған. Кітапта ғалымның 1926 жылға дейінгі өмір жолы мен кәсіби қызметінің кезеңдері бейнеленіп, оның Жезқазған өңіріндегі мыс кендерінің орасан қорларын ашу және солардың негізінде Орталық Қазақстанда ірі мыс балқыту зауыттарын құру, сондай-ақ республиканың түсті металлургиясының кен базасының дамуы жайында 15 жылдық үздіксіз еңбегінің нәтижелері берілген. Кітап көпшілік оқырман қауымға және ең алдымен студенттер мен минералдық, шикізат және металлургиялық кешендердің инженерлік-техникалық қызметкерлеріне арналған. Бүгін кітаптың авторы Сұлтанбек Қожахметов басылымды «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриевке табыстады.