Саят Бакиров Жезқазған Тау-кен өндірісі басшылығымен кеңес өткізді
02.06.2025
Кездесудің негізгі тақырыбы – Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар
департаментінің нұсқамаларын орындау. Әңгіме бұрын өндірістік нысандарда
тіркелген заңбұзушылықтарды жою жөнінде болды. Жиын қорытындысында ЖТӨ бас директоры Данияр Жаналиновқа нысандарды
өндірістік қауіпсіздік талабына сәйкестендіру ісімен айналысатын жұмыс тобын
құру тапсырылды. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарының орындалуына бақылауды күшейту, мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз
өзара іс-қимылды қамтамасыз ету тапсырылды.



