Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Президент «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде Қазақмыс павильонын аралады

Болашақ байытушы, «Қазақмыс» корпорациясы Политехникалық колледжінің студенті Ерсұлтан Шақар Мемлекет басшысына мыс өндірудің ұсақтау мен байытудан бастап, балқыту мен электролизге дейінгі кезеңдері туралы айтып берді. Процестер оқыту қондырғылары арқылы көрсетілді. Қазір Ерсұлтан Шақар «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығының 3-курс студенті. Ол оқуын аяқтаған соң кепілдік бойынша «Қазақмыс» кәсіпорнына жұмысқа қабылданады. Айта кетейік, «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл – Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы алғашқы ауқымды іс-шара.