Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен!
07.05.2024
Сіздерді айтулы мерекелер – Отан қорғаушылар күнімен және
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің мерекелік күнтізбемізде осы екі маңызды күннің
бірінен соң бірі болуының мәні ерекше. Бұл халқымыздың тарихындағы даңқты
әскери дәстүрдің сабақтастығын көрсетеді. Қазақстан халқының тарихи маңызы бар
ерліктерінің ұлылығын, олардың қаһармандығы мен жанқиярлығын бейнелейді, бейбіт
аспанды сақтау қажеттігін еске салады. Бұл мереке тәуелсіз Қазақстанымыз үшін мақтанышқа,
қорғаушыларымыз үшін құрмет пен алғысқа толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, өркендеу және барлық
жақсылықты тілейміз! Аспанымыз ашық болсын! Құрметпен, «Kazakhmys Holding (Қазақмыс
Холдингі)» ЖШС Директорлар кеңесі



