«Қазақмыс» мектеп білімінің сапасын арттыруды қолдайды
30.06.2021
2020 жылы «Қазақмыс» корпорациясының бастамасымен және қаржылық қолдау көрсетуімен әдістемелік көмек көрсету мақсатында «НЗМ» ААҚ Педагогикалық білім беру орталығы педагогтарға кәсіби қажеттілікті және оқушылардың білімдерінің сапасын анықтау саласында әлеуметтік зерттеу жүргізді. Педагогикалық білім беру орталығының өкілдері зерттеу нәтижелерін жариялап, өңірлік мектептер ұстаздарын кәсіби тұрғыдан дамытудың негізгі мәселелеріне тоқтап, білім беру ұйымдарын және педагогикалық құрамды кешенді дамытуға белсенді түрде жәрдемдесу қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ кездесуде «Қазақмыс» орналасқан өңірлердің, атап айтқанда Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының мектептерінде білім беру сапасын арттыру мақсатында құрылған «Ұстаз-Ұлытау» педагогикалық трансформация орталығы» іс-қызметінің келешегі талқыланды. Білім беру саласындағы сарапшылар аталған жобаның міндеттерін тұжырымдады, оларды шешу келешекте академиялық және корпоративтік құндылықтарды құру арқылы мектептер іс-қызметінің жаңа сапасын қамтамасыз етеді, сондай-ақ оқытушыларға оқушы тұлғасын және оның кәсіпқойлық келешегін дамытудағы жаңа технологиялар мен әдістемелерді меңгеруге септігін тигізеді. Жобаны іске асыруға М.М. Ханды (ә.ғ.к., халықаралық білім беру саласындағы сарапшы), Ж.С. Мендыбаеваны (кәсіби бейінді академиялық консультант, білім беру сарапшыларының қазақстандық лигасының мүшесі) және т.б. халықаралық сарапшыларды қатыстыру жоспарлануда. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталмыш тақырыптың өзектілігін және «Қазақмыс» орналасқан қалаларда «Ұстаз-Ұлытау» педагогикалық трансформация орталығының жұмысын одан әрі дамыту қажеттілігін айрықша атап өтті.



