Қауіпсіздікке жеке үлес
20.10.2020
Байқау 21 қазан мен
20 қараша аралығында өтеді және бірнеше номинациядан тұрады. Бірінші номинацияда қызметкерлердің жарақаттану қаупін азайтуға қосқан жеке
үлесі ұсынылады, ал екіншісі Топ бойынша қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды
басқару жүйесіндегі үздіктердің үздіктерін анықтайды. Бірінші номинацияға қатысушыларды іріктеу екі кезеңде өтеді: Тәуекелдерді азайту жөніндегі идеялардың авторлары, сондай-ақ ең көп дауыс
жинаған осы шешімдердің орындаушылары 20 қарашада «Қазақмыс» Dupont Sustainable
Solutions компаниясымен бірлесіп іске асыратын жарақаттану деңгейін қысқарту
жөніндегі бағдарлама шеңберінде «Қауіпсіздік сағаты» кеңесінде атап өтілетін
болады. Сондай-ақ, жиналыста байқаудың екінші номинациясының жеңімпаздары
марапаттарға ие болады, олардың есімдерін қазылар алқасы жабық дауыс беру
арқылы анықтайды. «Kazakhmys holding (Қазақмыс холдинг)» ЖШС ӨҚ және ЕҚ комитетінің төрағасы
Максим Комельдің айтуынша, байқаудың мақсаты – әркімнің назарын өндірістегі
тәуекелдер деңгейін төмендетуге өз үлесін қосу мүмкіндігіне аудару, сондай-ақ
өндірістік тәуекелдерді басқару бойынша жетістіктері бүкіл корпорация үшін
қауіпсіздікті ұйымдастырудың үлгісі болған жұмыскерлерді көтермелеу.



