Өтініштен нақты іске дейін: Қазақмыс жұмыскерлерді уақытша алмастырудың бірыңғай тәртібін енгізді
Қазақмыста негізгі жұмыскер ұзақ уақыт жұмыста болмаған кезеңде оны басқа қызметкермен уақытша алмастырудың бірыңғай тәртібі бекітілді. Бұл шешім еңбек ұжымынан келіп түскен ұсыныстар мен сұрақтарды қарау нәтижесінде қабылданды.

Жұмыскерлер мен бөлімше басшылары жұмыс орнында болмайтын жұмыскерді уақытша алмастыратын қызметкерді дер кезінде тағайындауға немесе ауыстыруға мүмкіндік беретін түсінікті әрі тиімді тетіктің қажеттігіне назар аударды. Бұл өндірістік бөлімшелер үшін аса маңызды. Себебі жұмыскердің ұзақ уақыт болмауы ауысымның толық құрамда жасақталуына және күнделікті жұмысты ұйымдастыруға әсер етуі мүмкін.
Компания қолданыстағы кадрлық рәсімдер мен Oracle HCM корпоративтік жүйесінің мүмкіндігіне талдау жүргізді. Осы жұмыстың нәтижесінде 2026 жылғы шілдеде жұмыскерді уақытша алмастырудың бірыңғай тәртібін бекітетін ішкі құжат қабылданды.
Құжат негізгі жұмыскер болмаған кезеңде оның орнына басқа қызметкерді уақытша жұмысқа қабылдау немесе ауыстыру тәртібін айқындайды. Құжатты қолдану тәртібіне қатысты ақпарат бөлім басшылары мен кадр қызметінің назарына жеткізілді.
Бүгінде жаңа тәртіп штаттық режимде қолданылуда. Қызметкер ұзақ уақыт жұмысқа шықпаған жағдайда, бөлімше оның орнына басқа қызметкерді уақытша тағайындап, өндірістік міндетті орындауға қажетті жұмысшылар санын сақтай алады.
Уақытша алмастыру мәселесінің шешілуі еңбек ұжымымен кері байланыс орнатудың нәтижесінде жүзеге асырылған жұмыстың бірі болды. Компания жұмыскерлерден келіп түскен практикалық мәселелерді қарап, оларды бөлімшелердің жұмысын жеңілдетуге және қажетсіз кедергілерді азайтуға мүмкіндік беретін нақты ұйымдастырушылық шешімге айналдыруды жалғастыруда.



