Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Оқиғаны талдаудан тәуекелдің алдын алуға дейін: Қазақмыс Қарағанды өңірінде қауіпсіздік форумын өткізді

2-3 қараша күндері Нұрқазған байыту фабрикасында Қарағанды шахтапроходкалау басқармасының өндірістік қауіпсіздікке арналған екі күндік форумы өтті. Іс-шараға компания басшылары, кәсіпорын директорлары, өндірістік учаскелердің басшылары, бригадирлер және жұмыстың қауіпсіз ұйымдастырылуына жауапты мамандар қатысты.

Форумның басты мақсаты – өндірістік жарақаттану себебін бірлесіп талдау және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған практикалық шараларды әзірлеу болды.

Қатысушылардың тәжірибесі қауіпсіздік мәселелерін нақты өндірістік жағдайда, технологиялық ерекшеліктерді және учаскелердегі жұмысты ұйымдастыру үдерісін ескере отырып қарастыруға мүмкіндік берді.

Форумның негізгі бөлімі практикалық талқылау форматында өтті. Қатысушылар өндірістегі оқиғаның бірін бірлесіп талдап, себебін анықтады және осындай жағдайдың қайталануына жол бермеу шарасын белгіледі.

Жұмысты жеделдетуге ұмтылу, тек жеке тәжірибеге сүйену және белгіленген рәсімнен ауытқу сияқты қауіпсіздік талаптарының сақталуына кері әсер ететін факторларға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар компанияда оқиғалардың алдын алу тек жұмысшылардың әрекетіне ғана емес, өндірістік үдерісті ұйымдастыру сапасына, тәуекелдерді дер кезінде анықтауға және барлық деңгейдегі басшылардың қабылдайтын шешіміне де байланысты екені атап өтіледі.

Қазақмыстың негізгі қағидаттарының бірі – өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда әрбір жұмыскер жұмысты тоқтатуға құқылы. Қауіп туралы дер кезінде хабарлау және оны жою шараларын қабылдау өндірістік мәдениеттің ажырамас бөлігі болуы тиіс.

Форум қорытындысында анықталған тәуекелдерді жоюға және Қарағанды шахтапроходкалау басқармасының бөлімшелеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Еске салайық, Қазақмыста 2026 жыл Қауіпсіздік жылы болып жарияланды. Бұған дейін осындай форум Ұлытау облысының Ғ.О. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінде өтті. Алдағы уақытта осы форматты компанияның басқа кәсіпорындарына да енгізу жоспарлануда.

Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – оқиғаның салдарына ден қоюдан қауіпті жағдайдың алдын алуға және олардың себебін тікелей өндіріс орнында жоюға көшу.