ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА СТАНДАРТ
17.08.2021
Жаңа стандарт-1999 жылы қабылданған әйгілі OHSAS 18001 стандартының эволюциясы. Оның негізгі айырмашылығы- ұйымның операциялық қызметіне қауіпсіздік мәселелерін тереңірек енгізу, жоғары басшылықтың кеңейтілген рөлі және мердігерлермен, серіктестермен және жеткізушілермен қарым-қатынас. Бұл қауіпсіздік мәселелері компаниядағы әрбір басшының күнделікті жұмысының табиғи және ажырамас бөлігі болатынын білдіреді. Жаңа стандартқа көшу процесін қолдау үшін жарақаттану оқиғалары, қауіпті жағдайлар мен жұмыс орындарындағы мінез-құлық тәуекелдері бойынша ақпаратты жинау мен талдауды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылға арналған жоспардағы бірінші кәсіпорын – Балқаш мыс балқыту зауытын сертификаттау жоспарланған. Сертификаттауға дайындық жұмыстары Қазақстан Республикасының нарығында халықаралық сертификаттау саласындағы сарапшы компанияны үлгіге ала отырып басталды. Келесі жылы «Қазақмыс Холдинг» ЖШС негізгі активтерінің 50% жаңа стандартқа сәйкес келуін қамтамасыз ету жоспарлануда.



