Дамудың жаңа көкжиектері
01.10.2020
Компания басшылығының
еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесуі тікелей қарым – қатынас форматында да,
қашықтан да – бейнеконференцбайланыс
арқылы да өтті. «Kazakhmys
Holding (Қазақмыс Холдинг)»
ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай
Корпорацияның жаңа басшыларын басқарма
төрағасының бірінші орынбасары А.П. Гайдинмен, басқарма төрағасының орынбасарлары А.Н.
Барменкуловпен және М.В. Красюкпен таныстырды. Андрей Павлович
корпорацияның өндірістік және техникалық дамуына, еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау мәселелеріне, сондай-ақ компанияның өндірістік нысандарындағы жұмыскерлер үшін
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың заманауи талаптарына сәйкестігіне жетекшілік
етеді. Адилет Назарбаевичтің қызмет саласында
өңірлік және әлеуметтік даму, мемлекеттік органдармен байланыс мәселелері, Үкіметпен жұмыс, корпорацияның ішкі және
сыртқы саясатының өзге де мәселелері. Марина Владимировна
байыту өндірісін техникалық қайта жарақтандыру және келешектегі даму
мәселелерімен айналысады. Корпорация басшыларының
сөз сөйлеулерінің және жиналысқа қатысушылардың келіп түскен сұрақтарына
жауаптардың қорытындылары бойынша компания
қызметінің перспективаға арналған негізгі бағыттары баяндалып, бірқатар маңызды
шешімдер айтылды. Осылайша, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің 2040 жылға дейін есептелген
стратегиялық жоспарына сәйкес кен өндіруді ұлғайту перспективасымен жаңа
өндірістерді дамыту және құру жоспарлануда. «Жомарт» кенішінде 2025 жылға дейін – бұл
қуаттылығы жылына 4 млн. тонна
кен өндіретін жаңа байыту фабрикасын салу және іске қосу. 2022 жылы 4 млн. тонна
кенді қайта өңдеу көлеміне шығара отырып, Нұрқазған БФ ұсақтау
кешенін жаңғырту жоспарлануда. 2027 жылдан бастап фабриканың қуаты жылына 6,5
млн. тонна
кенді құрайтын болады. 2027 жылға дейін «Құсмұрын-Ақбастау» кеніші бойынша барлық күрделі жұмыстар
орындалатын болады. Жер асты тәсілімен өндіру көлемі 1,7 млн. тоннаны құрайды. Жылына 600 мың тонна кен
өндіру көлемімен жаңа
«Жайсаң» кенішін іске қосу жоспарлануда, Шатыркөл
және Жайсаң кен орындарынан кенді жылына 1,5 млн. тоннаға
дейін кеңейту мүмкіндігімен жоспарланған қуаттылығы жылына 1,0 млн. тонна
болатын, 2024 жылы пайдалануға бере отырып, жаңа Шатыркөл-Жайсаң БФ-да қайта өңдеу жоспарлануда. «Қазақмыс» өндірісін дамыту бағдарламасы 20 жылға
есептелген. Жаңа нысандарды
салу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту осы кезең ішінде орташа мыс құрамы
1,08% болатын 6906 мың тонна кен өндіруді толықтыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, әкімшілік-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар мен
құрылыстарды жөндеу, вахталық жұмыс әдісін жүзеге асыратын қызметкерлер үшін
қажетті тұрмыстық жағдай жасау жоспарда бар. Сондай-ақ, жиналыста «Қазақмыс» коронавирус пандемиясы басталғаннан бері
компания ішінде де, қала тұрғындары үшін де жалпы сомасы 17 млрд. теңге болатын бірқатар іс-шаралар
өткізілгенін хабарлады. Оның ішінде, «Қазақмыс» жұмыскерлерін қолдау үшін және барлық өндірістік
кәсіпорындардағы қорғау шаралары мен дезинфекция шараларына 10 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалды. «Қазақмыс» COVID-19 пандемиясы
кезеңінде денсаулық сақтауды қолдауға «Birgemyz» Республикалық қорына және Жезқазған,
Сәтбаев, Балқаш қалаларына шамамен 7 млрд. теңге бөлді. Коронавирустық
инфекцияның және жедел респираторлық вирустық инфекциялардың таралуының жаңа
толқынының қаупіне байланысты компания қызметкерлерін тұмаудың белгілі
штаммдарына қарсы вакциналау жүргізілуде. Бүгінгі таңда 10 мыңға жуық жұмыскер вакциналаудан өтті. Вакциналау тегін және ерікті негізде жүргізіледі. Компания жыл сайын
жалақының өсуі бойынша шешім қабылдайды. Мысалы, 2020 жылы жалақыны арттыру қызмет түріне байланысты сараланып
жүргізілді, бұл ретте компания
бойынша ең төменгі жалақы 100 000 теңгеден 140 000 теңгеге дейін ұлғайды.
Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша
компанияда
орташа жалақы 14.1% - ға өсті. Жиналыста басшылықтың
пандемияның ықтимал толқынын ұстап тұру үшін компаниялардың барлық
қызметкерлеріне 100 000 теңгеден қайта төлеу туралы шешімі айтылды. Сондай-ақ
төлемдер аутсорсингтік компанияларда да жүргізілетін болады. Сонымен қатар, «Қазақмыс» қызметкерлеріне ағымдағы жылдың
қорытындысы бойынша сыйақы төлеу және еңбекшілердің барлық санаттарына жалақыны
көтеру туралы мәселе көтерілді. Төлемдердің арттырылуының нақты мөлшері мен
мерзімдері туралы жағдайға қажетті мониторинг пен талдау жүргізілгеннен кейін
хабарланатын болады. Жиналыс аяқталғаннан
кейін компанияның әрбір қызметкерінде «Қазақмыс» басшылығына қызықтыратын сұрақтарды қою
мүмкіндігі болды. «Қазақмыс» корпорациясының бірінші басшыларының
еңбек ұжымдары өкілдерімен кездесуі оң нәтижемен аяқталды. Жұмысшылар пандемия
кезінде компанияның аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықты
қолдауға қосқан үлесін атап өтті.



