«Жыланды» кенішіне MinCa 18 көпфункционалды шахталық машинасы жеткізілді
«Жыланды» кенішіне жұмыскерлерді тасымалдауға, материалдарды жеткізуге және жер асты жағдайында түрлі өндірістік міндеттерді орындауға арналған заманауи MinCa 18 көпфункционалды шахталық машинасы жеткізілді.

Жаңа техниканың жеткізілуі жұмыскерлердің өтініші бойынша қабылданған шешімнің нәтижесі болды. Жер асты көлігін жаңарту мәселесі еңбек ұжымының компания басшылығымен өткен кездесулерінде көтеріліп, кәсіпорынның материалдық-техникалық жарақтандыру жоспарына енгізілді.
Жаңа техника 16 адамға дейін тасымалдап, 4 тоннаға дейін жүк көтере алады. Әмбебап конструкциясы әртүрлі функционалдық модульдерді қолдануға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде техника қосымша мамандандырылған көлікті тартпай-ақ өндірістік міндеттердің кең ауқымын тиімді орындай алады.
MinCa 18 заманауи аспа жүйесінің демпферлік технологиясымен жабдықталған. Ол жер асты қазбаларында қозғалу кезінде пайда болатын діріл әсерін азайтып, жүргізуші мен жолаушылар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.
Жаңа техниканы іске қосу жер асты жұмысын көлікпен қамтамасыз ету сапасын арттырып, жұмыскерлерді, материалдар мен жабдықтарды жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еңбек ұжымының жұмыс уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.
2026 жылдың соңына дейін MinCa сериясындағы тағы бір машинаны жеткізу жоспарланып отыр. Екі техника бірлігін сатып алуға бағытталған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 400 млн теңгені құрайды.





