Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Мастер-класс

Шебердің көшбасшы ретіндегі рөлі, белгіленген жоспарды уақытылы орындаудан бастап ұжымның үйлесімді жұмысын ұйымдастыруға дейінгі, өндірістік және басқару процестерінің барлық кезеңдерінде маңызды. Осы қажеттіліктерді ескере отырып, «шеберлер мектебі» бағдарламасы жасалған болатын. Сонымен қатар, ол жұмысшы мен шебер арасындағы дұрыс қарым-қатынасты қамтамасыз етуге арналған, бұл өндірістегі жас басшылар үшін өте маңызды. Бағдарлама алты айға арналған. Бұл уақыт заманауи басшының негізгі функцияларын, дағдылары мен құралдарын теориялық тұрғыдан зерттеуге ғана емес, сонымен қатар өндірісте жаңа әдістерді іс жүзінде қолдануға жеткілікті болуы керек. Бағдарламаның толық курсын аяқтағаннан кейін қатысушылар өздерінің оқу нәтижелерін растай отырып, қорытынды сынақтардан өтеді.