Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

«Концерт, сурет және балмұздақ». Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш Балаларды қорғау күнін қалай атап өтті

Мерекелік іс-шарада қоршаған ортаға қамқорлық жасауға ерекше назар аударылды. «Таза қала – бақытты балалық шақ» акциясы аясында балалар пластик қалдықтарды жинап, тәттіге айырбастады. Барлығы үш Камазға жуық қоқыс жиналды. Сәтбаев қаласында мерекеге орай «Қазақмыс» Ш. Ділдебаев атындағы Мәдениет үйінің қарсысындағы жаңа демалыс аймағының абаттандыру жұмысын аяқтады. Мұнда өрнектас төселіп, ағаш отырғызылды, балалар алаңдары, орындықтар, шағын сәулет нысандары мен жарық шамдары орнатылды. Интерактивті құрғақ субұрқақ нысанның басты ерекшелігіне саналады. Ол жаздың аптабында қала тұрғындарының сүйікті орнына айналмақ. Құны 650 млн теңгені құрайтын жобаны «Қазақмыс» пен қала әкімдігі бірлесіп жүзеге асырды. Естеріңізге салайық, өткен жылдың 1 маусымында Жезқазғанда қайта жаңғыртудан кейін Металлургтер алаңы ашылды. 2025 жылдың басында Сәтбаев қаласында «Ақбота» балабақшасы жаңартылды, ал Жезқазғанда жаңа «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды. Қазақмыс өзі жұмыс істейтін өңірлерде әлеуметтік жобаларды жүйелі түрде қолдап келеді.