Естелік кітап
21.01.2021
«Өмір сүріп, есіңде сақта» деген сөз болашақ ұрпақтың
анты ретінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы әрбір кітапта айтылады. 1995 жылы Р.Н.Нұрғалиевтің жалпы
редакторлығымен «Боздақтар» атты Естелік кітабы екі том болып шықты. Кітапқа
Жезқазған облысының әскери комиссариаттары шақырған, ұрыстарда қаза тапқан,
ұрыста алған жарақаты мен сырқатынан кейін ауруханаларда қайтыс болған және
хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің қысқаша өмірбаяндық деректері енгізілген. Естелік кітабын жасауға қатысқан редакциялық
топтың мүшелері, комиссариаттардың, көптеген ұйымдардың және қоғамның өкілдері
қайтыс болған отандастар туралы ақпараттарды табу және жүйелеу бойынша қажырлы
жұмыстар жүргізді. «Боздақтар» кітабының арқасында көптеген қаза тапқан және
хабар-ошарсыз кеткен сарбаздардың туыстары жақындарының тағдыры мен жерленген
жерлері туралы білуге мүмкіндік алды. Кіріспеде авторлар есімдер мен
деректердің тізімдері әлі толық емес екенін мойындап, былай деп жазады: «Бұл
соғыс құрбандары туралы алғашқы немесе соңғы кітап емес шығар. Белгісіз есімдер
әлі де көп екені анық. Сондықтан адамзаттың жарқын болашағы үшін жанын қиып,
қаза тапқан батырлардың есімін мәңгілік есте сақтауға арналған бұл Естелік
кітабы бойынша жұмыс әлі де жалғасуда». Естелі кітабы бойынша жұмыстарды
«Қазақмыс» корпорациясының Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-өндіріс мұражайы
жалғастырды. 10 жыл бойы мұражай қызметкерлері Жезқазған, Ұлытау және Қарсақпай
АӘК шақырып, кейіннен қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер, тұтқынға алынған
сарбаздар туралы ақпарат іздеуде. «Боздақтар»
«Мемориал», «Халық ерлігі» («Подвиг народа»), «Халық жады» («Память народа»)
сияқты электронды дерекқордан табылған жаңа есімдермен және жаңа мәліметтермен
толықтырылды. Бірақ бұл жерде айта кететін бір жайт, қайтыс болғандар немесе
хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер арасында соғыстан оралған жауынгерлердің
есімдері де табылуы мүмкін. Мұндай жағдайлар кітаппен жұмыс жасау барысында
бірнеше рет болған. Мұражай қызметкерлері Ұлы Отан
соғысы кезінде қаза тапқан және Ресей Федерациясының аумағында жерленген
қазақстандық жауынгерлердің туыстары үшін Новгород, Волгоград, Псков, Калуга,
Смоленск, Воронеж, Орел облыстарындағы бауырластар зиратына апаруды ұйымдастырды.
Жезқазған-Ұлытау өңірінің тұрғындары Қазақмыстың қаржылай көмегі арқасында
туыстарын еске түсіріп, құрмет белгісін білдірді. Біз «Қазақмыс» Тобының басшылығына,
Эдуард Викторович Огайға, Бахтияр Абдрахманұлы Крыкпышевке адамзаттың ортақ
жауына қарсы күресте өлім құшқан жерлестерінің рухына тағзым ету мүмкіндігі
үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ Ресейдің аталған облыстары
әкімшіліктерінің басшылары мен мен өкілдері, іздестіру топтары үлкен көмек
көрсетті. 90-шы жылдары басталған Жезқазған
өңірі бойынша Естелік кітабы бойынша жұмыс бүгінгі күнде де аяқталған жоқ. Іздестіру
жұмыстары жалғасуда. Қаза тапқан соңғы сарбазға дейін, олардың әрқайсысы туралы
естелік қалдыру құрметіне лайық. Уақыт өте келе Естелік кітабының беттерінен тірілерге
үнсіз сөгіс болып жүктелген «хабар-ошарсыз жоғалған» деген қорқынышты сөздер жоғалады
деп үміттенеміз. «Естелік кітабының» толық нұсқасын мына жерден жүктеп алуға болады.



