Қазақстан геология саласы бойынша Орталық Азияда жетекші орыннан көрінуде
26.09.2025
2016 жылдан бері Қазақстан Республикасы KAZRC
қауымдастығы арқылы минералдық ресурстар мен қорлар туралы жария есептіліктің
халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің (CRIRSCO) мүшесі. Қауымдастық
халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасуға
әрқашан ашық. «А.ж. 1 тамыздағы жағдай бойынша Геология комитеті
96 құзіретті маман дайындаған және 41 ридердің қатысуымен жасалған 260 KAZRC
есебін қабылдады. Бұл сандар нені көрсетеді? Біріншіден, KAZRC есептерінің
тұрақты легі – стандарттың нарық пен реттеуші тарапынан қабылданғанының негізгі
көрсеткіші. Екіншіден, құзыретті тұлғалар/QMR және ридерлер корпусының кеңеюі
ресурстар мен қорларды дұрыс жіктемеу немесе әдістемелердің салыстырмалы
болмауы сияқты операциялық тәуекелдерді азайтады. Үшіншіден, CPD қамтуы –
экожүйенің жетілуі мен өзін-өзі қолдау қабілетінің көрсеткіші», - деді Бекасыл
Аукешев. Сонымен қатар, ол бүгінде Қауымдастық құрамында
тәуелсіз сарапшылардың қоғамдық бірлестіктері мен жер қойнауын пайдаланушылар
саласындағы кәсіби ұйымдарды қоса алғанда, 13 ұйым бар екенін атап өтті. «Қазақстан – Орталық Азиядағы CRIRSCO-ға мүше жалғыз
мемлекет. KAZRC қауымдастығы ПОНЭН-мен бірге халықаралық стандарттарды енгізу
тәжірибесімен белсенді бөлісіп келеді. Осы негізде біз достас елдердің
күш-жігерін біріктіріп, KAZRC қауымдастығын халықаралық жария есептілік
стандарттарын енгізу бойынша өңірлік хаб ретінде бекітуді және Орталық Азияда
Құзыретті тұлғалардың Бірыңғай қауымдастығын құруды ұсынамыз», – деді Бекасыл
Аукешев.



