Қазақмыс өндірісте жазатайым оқиға орын алғаны туралы өкінішпен хабарлайды
19.03.2025
№57 шахтада тауарлық-материалдық
құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға
құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда,
жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен
ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті
көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді.



