Бұл сайт — «Қазақмыс» Тобының жалғыз ресми ресурсы. Басқа сайттарда жарияланған ақпарат үшін компания жауапты емес.

Қазақмыс өндірістік бос жұмыс орындарына үміткерлерді бірыңғай талаппен іріктейді

Қазақмыста өндірістік бос жұмыс орындарына үміткерлерді бірыңғай комиссияның қатысуымен әңгімелесуден өткізу тәжірибесі жалғасуда. Осы аптада №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикалары мен Жыланды кенішіндегі лауазымдарға 21 үміткер шақырылды.

Байыту фабрикаларына конвейер машинисі, диірмен машинисі және слесарь-жөндеуші лауазымдары бойынша үміткерлер қарастырылды. Ал Жыланды кенішіне бұрғылаушының көмекшісі, теспе бұрғылаушы және теспе бұрғылаушы (роболт) лауазымдарына іріктеу жүргізілді.

Комиссия үміткерлерді бағалау кезінде олардың кәсіби даярлығын, еңбек тәжірибесін, болашақ лауазымның ерекшелігін және өндірістік қауіпсіздік талаптарын ескеретін бірыңғай өлшемшарттарды басшылыққа алады.

Бірыңғай комиссияның қатысуы әртүрлі өндірістік бөлімшелерде үміткерлерді бағалаудың ортақ тәсілін қолдануға, олардың біліктілігін бос жұмыс орындарының талабымен салыстыруға және кәсіпорындардың кадрларға деген қажеттілігін ескеруге мүмкіндік береді.

Әңгімелесуді осындай тәртіппен ұйымдастыру кадрлық шешімдердің бірізділігін арттыруға және Қазақмыстың өндірістік бөлімшелерін білікті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.